Мерсин Университеті ректорымен сұхбат-2

"Мерсинде және Мерсин Университетінде сіздерді біздің арамызда көру біз үшін бақыт"

267310
Мерсин Университеті ректорымен сұхбат-2

Түркияда білім ордалары күн өткен сайын артуда және осы білім ордалары барлық салада жоғары жабдықталған, мұқият жұмыс істейді. Білімдегі мақсат замандас өзгерістерге жете алатын, барлық салада жауапкершілігі болатын, динамикалық, еркін ойлау қабілетіне ие және замандас әлемге қажетті барлық ерекшеліктерге ие азаматтар дайындау. Енді сіздерге өткен аптада берген уәдемізді орындап, Мерсин Университеті ректоры профессор Ахмет Чамсарымен сұхбатымыздың екінші бөлімін ұсынамыз.
**
Мерсин Университетінде оқитын жастардың қандай әлеуметтік мүмкіндіктері бар?
"Университетіміз білімге қоса спорт және спортшыға да көңіл бөледі. Студенттер баскетбол, таэквондо, футбол, волейбол, бэдминтон, теннис, садақ тарту, атлетика, сальса сынды түрлі спорт саласында бізді қуантуда, табыстарымен университет есімін ел көлемінде және әлем деңгейінде көтеріп жүр.
Спорттық алаңдар жабық спорт залдары, гимнастика залдары, теннис алаңдары, футбол, баскетбол және волейбол алаңы, атлетика жолдары және бес мың адамдық олимпикалық стадион, мини гольф алаңы, жабық жартылай олимпиалық жүзу бассейінен тұрады.
Мерсин Университетінде медициналық қызметтер студенттердің денсаулық проблемаларында бірінші саты ретінде беріледі. Қажет болғанда студенттер пайдаланатын анализ және емдеу үшін ауқымды мүмкіндіктермен жабдықталған Медицина зерттеу және практика орталығы да қызмет береді.
Мерсинде университеттің мемлекеттік және жеке меншік жатақханалары бар. Айырықша арзан қала болғандықтан студенттер өз бюджеттеріне ыңғайлы пәтер жалдап тұруына да болады.
Университетте жағдайы төмен студенттердің білім алуын жеңілдету мақсатымен Студент көмектесу жобасы жүргізіледі. Мерсин Университеті Түлектер қоғамы тарапынан жүргізілген жоба арқылы университеттің академиялық және әкімшілік қызметкерлері мен түлектері ай сайын ақша жинап, студенттерге степендия береді. Айырықша университетте оқитын жағдайы нашар студенттерге Таңғы ас степендиясы беріледі. Барлығы мың бес жүз студентке берілетін таңғы ас апта ішінде күн сайын орталық және аудандардағы ғимараттарда таратылады."
**
Ректор мырзадан Мерсин Университетінде өтетін халықаралық шаралар мен студенттердің халықаралық табыстарын сұрадық.
"Университет жыл сайын әсіресе Әлем мәдениеттері қоғамы ұйымдастыратын пикник, мәдениет күндері, сапар және концерттер өткізеді. Дәстүрлі түрде көктем сайын Түрік тілі орталығының басшылығымен Көктем маевкасы өткізіліп тұрады.
Әсіресе Мемлекеттік консерватория өз саласында университеттің атын естіртіп жүр. Мысалы консерватория студенттері скрипкада әлемнің ең беделді классикалық музыка байқауларының бірі Жетінші Халықаралық жас музыканттар "Чайковский" сайысында бірінші орын алды. Түрлі ұлттық байқауларда да пианино сынды салаларда жеңімпаз атанып келеді. Айырықша Мерсин Университеті Академиялық камера оркестрі жас және динамикалық құрылымы және бай репертуарымен қаладағы мәдени шараларда алда келеді.
Студенттердің осы табыстары Мерсин Университетінің барлық ғылым саласындағы мықты академиялық штаты мен инфрақұрылымына сай"
Мерсин Университетінің ректоры профессор Ахмет Чамсарыдан шетелдік студенттерді шақыруын сұрадық:
"Шығыс Жерорта теңізі аймағының маңызды портты қаласы Мерсиндегі жоғары оқу орны ретінде Мерсин Университеті өз саласында өте қымбат оқытушыларымен білім береді. Университет жоғары деңгейде ғылыми еңбек және зерттеу жүргізіп, технология жетілдіріп, осы істерін қоғамға пайдалы қылу мақсатындағы университет. Университет құрамында жан-жақты жетілетін студенттер арасында сіздердің де болуыңыз білім ордасының аймақтық, ұлттық және халықаралық салаға үлес қосуы тұрғысынан маңызды. Осы әсем қала Мерсинде және Мерсин Университетінде сіздерді біздің арамызда көру біз үшін бақыт"


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар