Анталия және Жерорта теңізі Университеті - 1

Ректор, профессор Исрафил Куртджепхемен сұхбат

166008
Анталия және Жерорта теңізі Университеті - 1

«Біз ашпаған жолдар бізді басқа біреудің нысанасына алып барады»
«Білім көкжиегінде» атты бағдарламадан баршаңызға ыстық сәлем. 2014 жылмен қоштасуға екі аптадай қысқа мерзім қалғанда, біз қарқынымызды баяулатпай, сапарымызды жалғастырамыз. Бүгін бағдарламамызды танымал түрік жазушы Мехмет Эроғлуның сөздерімен бастадық. Өзіміз армандаған болашақ пен мақсаттарға апаратын жолды өзіміз ашатын болсақ, әрбір қадамымызды жоспарлап басатын болсақ, осы жолдар шығатын жерлер де біз армандаған жер болып табылады. Егер болашағымызды, карьерамызды жоспарлауды басқа кісілерге тастасақ, олардың арманын жүзеге асырамыз, өз армандарымызды емес.
Түркия тарихи, мәдени, ғылыми және академиялық байлығымен әлемнің таңдаулы еліне айналды. Түркияда білім алған шетелдік тәлімгерлер елімізде білім алу мүмкіндіктерінің жоғары деңгейде екенін атап көрсетуде. Түркияда білім алу – артықшылық.
Білім алғысы келетіндер назар аударатын басты нәрсе – университеттің мүмкіндіктері, іс-шаралары, білім сапасы, оқытушылардың сапасы, ғылыми басылымдардың көптігі мен ұжымдық құрылымының үлкендігі. Сонымен бірге оқу жылдары өтетін қала да тәлімгерлер назар аударатын басты факторлардың бірі.
Қазірге дейін Түркияның көптеген қаласы мен осы қалаларда орналасқан университеттерді сіздерге таныстырдық. Университет ректорларымен сұхбаттасып, әсіресе Ішкі Анадолы аймағындағы университеттердің тартымды жерлерін баяндадық. Ішкі Анадолыдағы университет өкілдерінің көбінен мына сөздерді естідік: «Қаламыз Түркияның ең туристік аймағы Анталияға жақындығымен шетелдік тәлімгерлердің назарын аударады».
Біз де осы апта есімін талай рет естіп жүрген Жерорта теңізі аймағы қаласы Анталия туралы айтып береміз. Сіздерге халықаралық іс-шараларға салмақ салған Жерорта теңізі Университетін таныстырамыз.
**
Анталия қаласы – Түркияның оңтүстігінде, орталығы Жерорта теңізі жағасында болып табылатын туризм жұмағы.
«Атталос елі» деген мағынаға келетін Анталия Бергама королі Атталос ІІ тарапынан құрылады. Біздің дәуірімізге дейінгі 133 жылы Бергама корольдігі құлағаннан кейін бір мезгіл тәуелсіз болған қаланы кейін теңіз қарақшылары басып алады. Біздің дәуірімізге дейінгі 77 жылы болса Рим территориясына қосылады. Замандас қала байырғы қаланың үстіне құрылғандықтан, Анталияда ежелгі дәуірден қалған қалдықтар аз кездеседі. Көрінетін жәдігерлердің бастысы байырғы порт қалдығы мен портты қоршап тұрған қабырға. Қабырғаның сыртындағы реставрациясы жасалған Гадриан қақпасы – Анталияның ең тамаша ежелгі жәдігерлерінің бірі.
Анталия қаласы мен төңірегі ежелгі дәуірде «Өте шығымды» деген мағынаға келетін Памфилия, батыс жағы болса Ликия деп аталатын. Біздің дәуірімізге дейінгі 8-ғасырдан бастап Эгей теңізінің батыс жағалауынан көшіп келгендер Аспендос және Сиде сынды қалаларды құрады. 2-ші ғасыр ортасында билік құрған Бергама королі Атталос ІІ Сидені қоршап алады. Анталияның шамамен 75 км шығысындағы Сиде қаласын басып ала алмаған король қазіргі қала орталығы тұрған жерге келіп, қала құрады. Осы жерге оның есімі беріліп, Атталея деп аталып кетеді. Уақыт өте келе Аталия, Адалия деп өзгереді.
Анталия осыдан келеді. Қаланың қазіргі аты болса негізінде ежелгі есімінің өзгерген күйі.
Анталия Түркияда Стамбул қаласымен бірге туризмнің локомотиві. Анталия жылдың төрт маусымында да туризм мүмкіндіктері табылатын бір қала. Анталияда мәдениет туризмі, теңіз, спорт, медицина, қыс, конгресс, жайлау, үңгір, лагерь және наным туризмі кең тараған. Осылардың әрқайсысы үшін ерекше базалары қалыптасқан.
Анталия тұрғындары мен кәсіпкерлерінің шетелдік қонақтарға үйреніскендері және бірден көп шет тілінде сөйлей алулары осы қаланы шетелдік тәлімгерлер үшін тартымды қылады.
**
Енді кезек «Жарық шашқан, қоғамға жол көрсеткен бір университет» деген ұранмен мыңдаған жасты шын өмірге дайындаған Жерорта теңізі Университетін таныстыруға келді.
Ректор, профессор Исрафил Куртджепхеге бізді қонақ қылғаны үшін алғыс айтып, бірінші сұрағымызды сұрадық.
«Жерорта теңізі Университеті неге әлемдік университет деп аталады?»
«Жерорта теңізі Университеті жаһанданудың өзгеріс санасымен халықаралық қатынастарға үлкен салмақ салады. Осы аяда Жерорта теңізі Университеті Еуропа елдерімен қоса дүние жүзінің таңдаулы университеттерімен табысты жобалар жетілдіріп, ауқымды аудиторияға үн қату, тәлімгерлерге жаңа көкжиектер ашу және түрлі халықаралық жобалар дайындау мақсатымен ғылыми және мәдени ықпалдастық келісімдеріне қол қойды»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар