Шанлыурфа қаласы мен Харран Университеті

Шанлыурфа - он бір мың жылдық тарихымен Анадолының ең байырғы қалаларының бірі.

208761
Шанлыурфа қаласы мен Харран Университеті

«Адамның миы диірменнің тасына ұқсас. Ішіне жаңа бірдеңе салмасаң, өз-өзін езіп тұрады»


Бүгін «Білім көкжиегінде» атты бағдарламамызды 14-ғасырдың Ислам ойшылы, мемлекеттік қайраткер және тарихшы Ибн Халдунның сөздерімен бастадық.


Оның сөздерінен де шабыт алып, еш кідірместен халықаралық білім серуені тақырыбында жаңа мәліметтер үйренуді жалғастырамыз.


Бүгін сіздерді Түркияның оңтүстік шығысына, алғашқы дәуірлерден бері адам баласының тарихына куә болған, байырғы бір қалаға алып барамыз. Қонақжайлығы және тағамдарымен атағы шыққан Шанлыурфа қаласы шетелдік тәлімгерлерге не ұсынар екен?
**
Шанлыурфа - он бір мың жылдық тарихымен Анадолының ең байырғы қалаларының бірі. Археологиялық деректерде «Берекетті Хилал» деп аталған аймаққа құрылған Шанлыурфаның Анадолы мен Месопатамия мәдениеті тоғысқан жер болғандықтан мәдени құндылығы биік.


Тарихи Харран қаласы Шанлыурфаның 44 км оңтүстік шығысында орналасқан, тарихта маңызды оқиғаларға сахна болған қала орталығы. Бір кездері эмевилерге де астана болған Харранның негізгі маңызы Исламияттан бұрынғы уақыттан бері маңызды білім орталығы болуынан туындайды. Сол кездің университеті деп есептелген Харран мектебінде астрономия, медицина, математика, философия және дін саласында маңызды жұмыстар атқарылды. Харран бүгінгі күні де туризм өңірі ретінде назар аударуды жалғастыруда.


**
Енді Шанлыурфаның мақтанышы Харран Университетін таныстыруға кезек келді. Харран Университетінің хикаясын ректор, профессор Ибрахим Халил Мутлуның сөздерінен тыңдайық:


"Мен 2007 жылы Харран Университетіне ректор ретінде міндетке келдім. Сол кезден бері университет құрамына үш факультет, төрт жоғары мектеп, бір мемлекеттік консерватория және алты зерттеу орталығы қосылып, сегіз мың шақты тәлімгері саны жиырма екі мыңға, мың шақты болған қызметкері саны болса екі мыңға жетті. Жаңа құрылған Османбей қалашығы инфрақұрылымымен бірге тамаша күйге келді.


Университет бүгінгі күні он факультет, бес жоғары мектеп, бір мемлекеттік консерватория, он бір кәсіптік мектеп, үш институт, он екі зерттеу орталығы және жиырма бір мыңға жеткен тәлімгерімен қызметін жалғастыруда.


Университеттің зерттеу саласында жобалары жүз пайыз артты. Басылым саны тізімінде болса өзімен бірге құрылған көптеген университетті артта қалдырды. Айырықша мекеме және ұйымдармен, әлемнің алдыңғы қатарлы университеттерімен ынтымақтастығын арттырып, 2011-2012 оқу жылынан бастап шетелдік тәлімгер қабылдай бастады. Шетелдердегі университеттермен тәлімгер алмасу бағдарламасына салмақ салынып, жаһанданған әлемде өз орнын табу үшін мықты қадамдармен жылжуда".
**
Құрметті ректордан "Сіздің ойыңызша, шетелдік тәлімгерлер Шанлыурфада және Харран Университетінде оқуды неге таңдауы керек?" деп сұрадық.


"Адам баласы тарихымен бірге басталған тарихтың бастау алған жері, өркениеттер мекені, пайғамбарлар өңірі, байырғы бір қала Урфа. Бұл жер адам баласының жер бетіндегі тұңғыш храмы. Тарих қайтадан жазылған жер. Бұдан он бір мың жыл бұрын аң аулап күн көрген адам осы ғибадатхананы Урфа маңындағы Гөбеклі төбеде салды. Адам баласы алғаш рет отырықшы тұрмысқа өтіп, бидай мен арпа еге бастады.


Кейіннен адам баласының серуенінің ең тамаша сатыларына мекен болып, куә болды Урфа. Адам осы жерде отырықшылыққа өтті, алғашқы қалаларын осында құрды. Жазуды осында ойлап тапты. Тұңғыш атазаңын осында жазды. Дүние жүзінің тұңғыш университеті Харран мектебі де осы жерде құрылды. Ғылымның жарығы адамды алғаш рет осы жерде ағарта бастады. Болашаққа бағыт берген Әл Баттани Джабир бин Хаян, Ибн Теммие Сабит бин Курра сынды ғұламалар осында өсіп жетілді.

Арадан өткен ондаған ғасырдан кейін осы байырғы өркениет алауы 1992 жылы қайтадан алаулады. Өзі құрылған 1992 жылдан бастап миссиясын "ғылымның жарығында зиялы азаматтар өсіріп жетілдіру" деп анықтаған Харран Университеті ғылымда зерттеуді, тергейтін, өзін жетілдіретін және өндіруді негізгі принцип ретінде қабылдады.
Ғылымды сағынған аймаққа замандас өркениеттің жарығын қайтадан әкелу үшін мың жылдық ұйқысынан тұрған Харран Университеті арадан өткен жиырма жылда тек Урфа емес, аймаққа құшақ жайған білім ордасына айналды".


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар