Селчук Университеті - 2

Селчук Университетінің ректоры Проф. Хаккы Гөкбелмен сұхбатымызды жалғастырамыз.

199648
Селчук Университеті - 2

Өткен апта сіздерді Кония қаласына алып барып, осында Селчук Университетін тани бастаған болатынбыз. Осы аптада да Селчук Университетінің ректоры Проф. Хаккы Гөкбелмен сұхбатымызды қалған жерімізден жалғастырамыз.
**
Селчук Университетінде қазір қай елдерден тәлімгерлері бар және осы тәлімгерлерге қандай мүмкіндіктер береді?


"Халықаралық стандарттарда бір университет болу біздің басты мақсаттарымыздың бірі. Сондықтан осы университетті аяқтап шығатын әрбір тәлімгер сынды шетелден келген әрбір тәлімгерге де едәуір көңіл бөлеміз және қолдау көрсетеміз. Айырықша әрдайым жаңалану мен сапасын арттыруды принципке айналдырған Селчук Университеті бәсекеге қабілетті ерекшелігімен Еуропа жоғары оқу алаңында орын алуды жоспарлайды. Осыны көрсеткіштермен айтып түсіндіру керек болса, бүгін университетімізде Франция, Германия, Израиль, Ауғанстан, Тайланд және Норвегия сынды сексен алты елден мың отыз екі шетелдік студент білім алуда. Сонымен бірге түрлі факультет пен жоғары мектептерде міндет атқаратын он төрт шетелдік оқытушы жұмыс істейді. Айырықша шетелден келген тәлімгерлерімізге бағытталған Эрасмус, Мәулана алмасу бағдарламалары, Сыртқы байланыстар және Шетелден келген студент емтиханы сынды координаторлықтар да белсенді жұмыс атқарады.
Селчук Университетінде Эрасмус сынды түрлі алмасу және ынтымақтастық бағдарламалары аясында келген шетелдік тәлімгерлердің баспана мұқтаждықтарын қамдауға бағытталған Эрасмус үйі салынды.
Эрасмус үйі Түркияда басқа бір жерде жоқ. Ғимаратта қырық сегіз бөлме бар, тоқсан алты тәлімгер тұра алады. Түрлі бағдарламалармен университетімізге келген тәлімгерлердің баспана мұқтаждығымен қоса басқа да мүмкіндіктерден пайдалануға құқығы бар"
**
Шетелдік студенттер Конияға неге келеді?


"Адам баласы тарихының ең байырғы елді мекендерінің бірі, Анадолы селчуктарына астана болған Кония тарихи Жібек Жолының ең маңызды сауда және қону орталығы ретінде танымал. Кония айырықша Мәулана Джелаледдин Румидің қаласы ретінде сүйіспеншілік, достық және кішіпейілділік қаласы ретінде де танымал. Сондықтан Кония халықаралық стандартарға жеткен, шетелден келген әрбір азамат сынды тәлімгерлерге де құшақ жайған бір тарихи қала. Мүмкіндіктерімен шетелден келетін тәлімгерлерге әртүрлі жеңілдік табылатын осы қала мистикалық құрылымымен де назар аударады. Осылармен қоса қала астана Анкараға жақын, қатынас жеңіл"
**
Шетелдік тәлімгерлер Селчук Университетін неге таңдауы керек?


"Селчук Университеті ретінде халықаралық стандарттарға сай болуға көңіл бөлеміз. Осы мағынада шетелдегі көптеген университетпен ынтымақтастық хаттамаларына қол қойдық. Аталмыш серіктестіктер арқылы әрі университемізден, әрі шетелден тәлімгер және оқытушы алмасуды мақсат етеміз. Осы аяда шетелден келген тәлімгерлерді де өз тәлімгеріміздей қарсы аламыз. Олардың осында жатырқамауы үшін барлық мүмкіндік пен жеңілдікті қамдаймыз.
Сапалы біліммен бірге физикалық құрылымы толық қамтылған, ұжымдасу мағынасында жетістіктерге ие бір университетте білім алғысы келетін болса шетелдіктер Селчук Университетін таңдасын".
**
Ректордан "Шетелдік тәлімгерлерді шақыру керек болса, не дер едіңіз?" деп сұрадық.


"Тілдеріміз өзгеше болса да, біз барлығымыз адам баласымыз. Адам болудың қажеттіліктерін орындауға тырысамыз. Қонақжайлығымыз да осыдан келеді. Осы мақсатпен қонақжайлығымызды көрсету тұрғысынан, әрі халықаралық университет болудың қажеттілігінен шетелдік тәлімгерлерді университетімізге шақырамыз. Түркия мен Конияны екінші отандары секілді қабылдасын. Өз мәдениетімізді таныстырамыз, сонымен бірге олардың мәдениеттерімен танысып, синергия қалыптастырайық. Селчук Университетінің бір бөлшегі болу артықшылығын олар да көрсін. Сондықтан шетелден келетін әрбір студентке қақпамыз ашық"


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар