Білім көкжиегінде - 44

Кония қаласындағы Селчук Университеті

184864
Білім көкжиегінде - 44

«Ойың сөзге, сөзің әрекетке, әрекетің тағдырыңа айналады. Жақсы ойлап, жақсы өмір сүр»

 

Бүгін бағдарламамызды аты әлемге белгілі ақын және ойшыл Мәулана Джелаледдин Румидің сөздерімен бастадық. Мәулана «Кел, кел, не болсаң да кел» деген сөздерімен де маңызды тұлға, жетекші гуманист болып табылады.


Бүгін біз оның сөздеріне құлақ түріп, ол өмір сүрген қалаға - Конияға барамыз.
**
Экономикалық жағынан Түркияның дамыған қалаларының бірі Кония табиғи және тарихи байлықтарымен де маңызды. Географиялық тұрғыдан Анадолыда орталық жерде, стратегиялық тұғырдағы Кония территория жағынан да Түркияның ең үлкен облыс орталығы болып табылады.


Қала Анадолы селчуктары мемлекетінің бас қаласы болды. Түркияның ең маңызды өнеркәсіп қалаларының бірі. Конияда әлемдегі ең көне қоныстардың бірі Чаталхөйүк ЮНЕСКО Әлемдік мұра тізіміне енді. Чаталхөйүк Орталық Анадолыда бұдан тоғыз мың жыл бұрын елді мекен болған.


Мыңдаған жыл бойы түрлі мәдениеттерге мекен болғаны секілді Кония бүгінгі таңда да табысты университеттерімен түрлі ұлттан тәлімгерді қонақ қылуда.


Міне, осы табысты университеттердің бірі де – Селчук Университеті. Біз еш уақыт өткізбей Селчук Университетінің ректоры, профессор Хаккы Гөкбелмен кездесіп, осы университеттің хикаясын тыңдалық:
“Селчук Университеті оқу-ағарту жұмыстарын 1975 жылы бастап, бүгін жиырма бір факультет, алты институт, алты жоғары кәсіптік мектеп, жиырма екі жоғары мектеп, бір мемлекеттік консерватория және жетпіс бес мыңнан асатын тәлімгерімен Түркияның алдыңғы қатарлы білім ордасына айналды. Әрі академиялық, әрі әкімшілік қызметкерлері, әрі тәлімгерлерімен қосқанда сексен мыңнан астам адамымен Түркия статистика мекемесінің деректеріне қарай он қала орталығынан да үлкен университет болып табылатын Селчук Университеті Кония территориясындағы он сегіз аудандағы қалашығымен қоса қала орталығында 14.5 миллион шаршы метрлік алаңды қамтитын қалашыққа ие"


**
Ректор мырзадан Селчук Университетіндегі әлеуметтік мүмкіндіктер туралы сұрадық:


"Селчук Университеті ретінде жыл сайын ғылыми, мәдени және спорттық салада көптеген шара ұйымдастырып, тәлімгерлеріміз, академиялық және әкімшілік қызметкерлерімізді, тіпті қала тұрғындарын тамаша организацияларда бас қостырып отырамыз. Айырықша университетте модадан шахматқа, әлеуметтік жауапкершіліктен театрға дейін, музыкадан фотографияға дейін көптеген салада үш жүзден көп шара өткізетін жүз бес студенттік клуб қызмет береді.


Ректорат және факультеттер тарапынан жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын "Мәдениет және өнер шаралары" аясында Түркияның атақты әншілері, актерлері мен жазушылары тәлімгерлермен бас қосады. Бес күндік шараға жылына жүз мың адам қатысады. Сонымен бірге Алааддин Кейкубат қалашығында сыйымдылығы мың бес жүз адамдық Сүлейман Демирел мәдениет орталығы жұмыс істейді.


Айырықша үш мың бес жүз адамдық 19 мамыр Торку Арена спорт кешені, бес жүз адамдық 75 жыл спорт залы футбол, баскетбол, волейбол, гандбол сайыстарына мекен болуда. Бұлардан басқа университетте үш дана спорт залы, 10.345 шаршы метрлік, сыйымдылығы 3.100 адамдық олимпиадалық деңгейдегі стадион, екі дана футбол көгалы, екі дана теннис алаңы, мың адамдық олимпиадалық деңгейдегі жабық жүзу бассейні қызмет береді"
Селчук Университетінде басқа қандай халықаралық шаралар ұйымдастырылады?


"Жыл сайын едәуір тиімді, белсенді және мағыналы оқу-ағарту жылын өткізетін университет осы шаралар аясында халықаралық шараларға айырықша көңіл бөледі. Осы шеңберде Эрасмус координаторлығы құрамында көптеген организация атқарылуда.
Осыларға мысал келтіретін болсақ, өткен жылдары "Эрасмус бакалавр және магистр студенттері кездесуі" болып өтті.


Сонымен бірге жыл бойы Эрасмус таныстыру жиналыстары мен шетелдерге сапарлар ұйымдастырылып тұрады. Сонымен қатар 2011 жылы Жоғары оқу мекемесі тарапынан бастатылған Мәулана алмасу бағдарламасы аясында да шаралар ұйымдастырылып тұрады.


Шетелдік тәлімгерлер үшін бастатылған бағдарлау бағдарламалары аясында тәлімгерлеріміздің түрік мәдениетіне үйренісуі, бейімделуі үшін қаламызда және қалашығымызда мәдени сапарлар мен шаралар өткіземіз."


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар