Білім көкжиегінде - 43

Фракия Университеті - 2

183449
Білім көкжиегінде - 43

Өткен апта сіздерді Эдирне қаласына, Фракия Университетіне апарып, осы университеттің халықаралық жұмыстары туралы мәлімет беріп едік.

Бүгін де қалған жерден жалғастырып, университетті таныстырамыз. Ректор, профессор Йенер Йөрүктің сөздеріне құлақ түреміз.


**
«Университет замандас түсінікпен қаланың, аймақтың және елдің білім мен мәдени құрылымына үлес қосқан бір университет. Біз географиялық тұғырымызға орай бір Балқан университетіміз және халықаралық қатынастарды да осы іргетаста қаладық. Осы аяда Балқан елдерімен қатынастарымызға көп көңіл бөлеміз, Балқан елдеріндегі жоғары деңгейдегі өкілдермен, университет ректорлары және азаматтық қоғамдық ұйым өкілдерімен ғылыми және мәдени ынтымақтастық шеңберінде маңызды жобалар дайындаймыз.
Ғылыми құндылықтар арқылы аймағына, еліне және адам баласына қызмет етуді мақсат еткен, толық жетілген ғалым және маман дайындау, замандас, ғылыми, технологиялық, мәдени және өнер саласына үлес қосатын жоғары деңгейде еңбектер жазу және зерттеу жүргізуді нысанаға алдық. Осы мақсаттағы Фракия Университеті бүгін 13 қалашықта, 12 факультет, 6 жоғары кәсіптік мектеп, бір кәсіптік мектеп, 5 институт, 1 мемлекеттік консерватория, 22 зерттеу орталығы мен екі бала бақшасымен 39 мың 687 тәлімгерге білім беруде».


**
Ректордан Фракия Университетінің тәлімгерлерге ұсынған әлеуметтік мүмкіндіктері туралы сұрап білдік:
«Тәлімгерлердің бір проблемаға душар болмауы және тек өз болашақтарына шоғырлануы біз үшін маңызды. Студенттеріміздің оқу жылдары бойынша ешбір кедергіге қалмауы үшін қолымыздан келгенді жасаудамыз.
Университет студенттеріне мәдениет бастаған, түрлі әлеуметтік қызметтер, спорттық қызметтер мен тамақтану қызметтерін ұсынады. Орталық қалашықтағы мемлекеттік жатақханамен бірге қала орталығындағы бірсыпыра жеке меншік жатақханада студенттер баспана мұқтаждықтарын қамдайды.
Жоғары оқу мекемесінің 5500 төсек орынды жатақханасы қызмет беруде. Сонымен бірге факультеттер орналасқан қала орталығы мен аудан орталықтарында студенттерге арналған пәтерлер мен жеке жатақханалар бар. Фракия Университетіндегі Кырыкпынар дене шынықтыру және спорт кәсіптік мектебінде екі дана жабық спорт кешені, екі дана ашық кешен құрамында жартылай олимпиадалық жүзу бассейні, олимпиадалық деңгейдегі жабық спорт залы, футбол көгалдары, теннис алаңы, күрес, гимнастика, финтесс залдары, баскетбол мен волейбол алаңдары бар.


Студенттердің өздері қызығатын салаларда жетілуіне мүмкіндік беретін, басқа кафедраларда оқитын студенттермен бас қостыратын 42 студенттік топ қызмет істейді.
Осы мүмкіндіктермен қоса материалдық мағынада да тәлімгерлерге көмек беруге тырысудамыз. Университет «Студентімізді қолдаймыз» жобасы аясында мұқтаждығы бар тәлімгерлерге ақшалай көмек береді».


**
Шетелдік студенттерді Фракияға, әсіресе Эдирне қаласына неге шақырасыз?
«Университетіміз орналасқан, мәдени мұра көп кездесетін Эдирнеде тәлімгерлерді түрік мәдениеті күтіп тұрады. Айырықша дәмді Фракия тағамдары, студенттер демалатын жасыл алаңдар, жасанды көлшік, табиғатымен танымал Караағаш аймағы. Студенттер Саров шығанағына жағасы бар Эдирнеде жаз айларында теңіз бен құмда демалады. Университеттің Энез қоғамдық базасында жолдастарымен бірге тамаша уақыт өткізеді.
Эдирне мен Фракияның барлық жері отбасыларынан алысты оқитын студенттер үшін сенімді жер сонымен бірге. Қалада көлік кептелісі болмайды, сәулет және табиғи әсемдіктерімен Фракия аймағы тәлімгерлерге өз үйіндегідей тыныштық сыйлайды».


**
Ректорға «Соңында талапкерлерге бірнеше сөйлеммен қалай үн қатар едіңіз?» деп сұрадық:
«Университетімізде оқыған жастарды демократияға берік, ғаламдық құндылықтарға құрмет көрсететін, тарихы мен ұлттық құндылықтарын жақсы білетін, ғылым мен ақылдың үстемдігін қабылдаған, білімге көңіл бөлген, ел проблемаларына елеусіз қалмайтын, оқып, зерттейтін азаматтар ретінде көру – шынайы мақсатымыз.
Ақыл жол көрсетушісі және білім жарық түсірушісі болып, болашаққа таңба басатын азаматтар болатынына күмәнім жоқ.
Қане, Фракия Университеті сіздерді күтеді»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар