Білім көкжиегінде - 41

Режеп Тайып Ердоған атындағы университет-2

176004
Білім көкжиегінде - 41

"Кемінде бір рет татитын бір нәрсе істеуге талпынбасақ, өмір сүрудің қандай мағынасы бар"


Бүгін сіздерге соңғы кездің ең көп оқылған жастар романының жазушысы Джон Гриннің сөздерімен сәлем бердік. Өмірімізге бір мағына қосып, татитын бір нәрсе тындырудың жолы жақсы білім алумен басталады. Сондықтан халықаралық білім серуенінде өз орнымызды таңдамастан бұрын білуіміз керек барлық нәрсені уақыт өткізбей сіздермен бөлісуді жалғастырамыз.

Университеттің көріністері
Өткен аптада сіздерді Түркияның Қаратеңіз жағасындағы тамаша бір қалаға, Ризеге алып барып, сондағы Режеп Тайып Ердоған атындағы университетті таныстыра бастаған едік. Осы апта да ректор, профессор Хүсейн Караманмен сұхбатымыздың қалған бөлімін сіздермен бөлісеміз. Ректордан "Режеп Тайып Ердоған атындағы университет шетелдік студенттерге қандай мүмкіндіктер ұсынады?" деп сұрадық:


"Университет алдымен табиғаттың ортасында, жасылдық ортасында бір атмосфера ұсынады. Осы атмосферада замандас білім түсінігімен, халықаралық стандарттарда академиялық орта қамдайды. Осы мүмкіндіктерге шетелдік тәлімгер ретінде бір оқу-ағарту жылы бойы Эрасмус және Мәулана алмасу бағдарламасы аясында ие болады. Қазір Америка Құрама Штаттарынан Черногорияға, Грузиядан Малавиге дейін ондаған елден келген тәлімгеріміз бар.


Еуропа Одағы бағдарламасы болып табылатын Эрасмус алмасу бағдарламасы аясында Еуропа елдерінен тәлімгерлер қысқа уақытқа білім алуда. Әсіресе Чех Республикасы сынды салқын жерлерден келген тәлімгерлеріміз алдымен табиғатты, өңір халқын және тағамдарды қатты ұнатқандарын айтады.


Қазір Студенттік істер департаментімен қатынасын үзбеген тәлімгерлеріміз бар. Халықаралық Студент кеңсесі және сыртқы байланыстар кеңсесі ұйымдастырған әртүрлі бағдарламалар арқылы шетелдік тәлімгерлер университет және Ризедегі тұрмысқа үйреніседі. Әртүрлі іс шаралар арқылы тәлімгерлер оқу жылын жақсы өткізу мүмкіндігіне ие. Осылайша қаладан кеткен кезде риза болады. Елдеріне барып, бізге жылы лебіздерін білдіріп хат жолдап тұрады"


Ректор Караман мырзадан "Шетелдік студенттер Ризеге неге келуі керек?" деп сұрадық:


"Сапалы білім алу мүмкіндігін пайдаланып, болашақтарын кепілге алып, материалдық жағынан қиыншылық шекпей, оқу жылдарын белсенді түрде аяқтағысы келетін жастар үшін университет өте тартымды. Неге деп сұрайтын болсаңыз, дүние жүзінің қай жерінде болсаңыз болыңыз, білім алатын кісілерге жақыннан қатысы бар бір проблема бар, ол да көлік қатынас. Осы тұрғыда Түркияның барлық жерінен Ризеге құрлықтан жол бар. Жыл бойы елдің барлық жеріне қатынас жеңіл. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығынан келген туристер үшін Ризе-Батуми, Ризе-Тбилиси арасында автобустар қатынап тұрады. Шығыс Қаратеңіз порттары ішінде дамуға қолайлы топографиялық тұғырдағы порт болып табылады Ризе порты. Порт құрлық желілерімен байланысады. Трабзон, Хопа, Ресей порттары және Икиздере Ерзурум арқылы Иран желісімен Қаратеңіз аймағының ең қысқа транзит жол торабы болып табылады."


Енді "шетелдік тәлімгерлер Режеп Тайып Ердоған атындағы университетке неге баруы керек" деген сұрақтың жауабын университет ректорынан алайық:


"Университет замандас дәрісханалары, лаборатория, компьютер сыныптары, тіл орталықтары, спорт залдары, студенттік орталықтар, зерттеу орталықтары мен көптеген академиялық бағдарламасы бар білім ордасы. Замандас және технологиялық жетістіктерге ашық бір университет ретінде тәлімгерлеріне сапалы біліммен қоса баспана, тамақтану және медициналық мүмкіндіктермен ыңғайлы тұрмыс шарттарын қамдайтын мекеме. Тәлімгерлер үшін академиялық білім сынды маңызды әлеуметтік өмір үшін де көптеген мүмкіндік университетте бар. Бірсыпыра спорт және мәдени іс-шаралар, студенттік клубтар, студенттік фестивальдер сынды шаралар арқылы тәлімгерлер өздерін үйінде секілді сезінеді"


Ең соңында ректорға «Бірнеше сөйлеммен шақыру үшін тәлімгерлерге не айтқыңыз келер еді?" деп сұрадық:


"Отбасын атмосферасында, маманданған оқытушыларымен сапалы білім алумен қоса әлеуметтік өмірде де көптеген мүмкіндікке ие, жасыл мен көк түс тоғысқан бір қалада оқу үшін сізді Режеп Тайып Ердоған атындағы университетке шақырамыз".


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар