Түрік Авиация Университеті

Түрік Авиация Университетінің ректоры Проф. Үнсал Балмен жұмыс орнында жүздестік.

114650
Түрік Авиация Университеті

Осы апта интернеттегі табысу нүктеміз TRT Horizon фейсбук парақшасына келген хаттарыңызда бізге біраз шағымданыпсыздар. Сіздердікі орынды. Себебі университеттерде жаңа оқу жылына дайындық деп жүріп, қарқынымыз бәсеңдеп қалғанын біз де байқадық. Алайда жақында халықаралық білім саласы жөніндегі жаңа бейне көріністерімізді сіздермен бөлісеміз.


Соңғы екі бөлімімізде әсіресе медицина саласында үлкен табыстарға қол жеткізген Башкент Университетін таныстырған болатынбыз. Осы апта басқа бір салада маманданған және болашақтың мамандарын дайындайтын бір университетті, Түрік Авиация Университетін таныстырамыз. Көзімізді көкжиектен жоғары, аспанға тігеміз бүгін.


Осы апта да сіздермен бірге Анкарадамыз. Түрік Авиация Университетінің ректоры Проф. Үнсал Балмен жұмыс орнында жүздестік.


Ректор мырзадан алдымен «Түрік Авиация Университеті қалай құрылды? Мақсаты қандай?» деп сұрадық.
“Түрік авиация Университеті 2011 жылдың 3 наурыз күні құрылды. Шамамен қазір үш жарым жасында. Бірақ үш жарым жасында болса да, осы университеттің тамыры 1925 жылдарға дейін барады. Қалай дейсіз ғой? 1925 жылы Мұстафа Кемал Ататүрік «Болашақ аспанда!» дей отырып, Түрік авиация мекемесін құрған. Артынан да осы мекеме университетті құрды. Сондықтан біз заңды түрде 2011 жылы құрылдық, бірақ қолымыздағы тәжірибеге қарасаңыз, 1925 жылдан бері жинақталғанын көресіз. Тап қазір біздің қолымыздағы мүмкіндіктер дүние жүзінің ешбір авиация және ғарыш білімдері университеттерінде табылмайды. Бізде қазір 4 әуежайы, ондаған қойма, 80-ге жуық ұшақ бар. Осындай мүмкіндіктер мен тәжірибе басқа білім ордасында жоқ. Бұл да біз үшін үлкен мақтаныш.
Тәлімгер қабылдай бастағалы да үш жарым жыл болды. Қазір екі мыңға жуық тәлімгер білім алып жатыр. Бұлардың кейбірі биыл бітіріп шықты. Алдымыздағы жылдан бастап бакалавр бағдарламасын аяқтап шығатын түлектерімізді ұшырамыз»
**
Неге Түрік авиация Университеті?
“Авиация және ғарыш білімдері соңғы жылдары жылдам дамып отыр. Әсіресе Түркияда осы сала соңғы он жылда 7,5 есе өсті. Тіпті мынадай мысал келтіруге болады: 2001-2002 жылдары Түркиядағы әуежайы саны шамамен 21 болатын, бүгін Түркияда 54 әуежайы бар. Тіпті, әрбір қалада бір әуежайы бар деп айтуға болады. Осы көрсеткіштер аталмыш саланың қаншалықты дамығанын көрсетеді. Сала болашақта да осылай дами ма? Иә. Жер беті енді адам баласына тар бола бастады. Адам баласы аспанға шыққысы келеді, адам баласы ғарышқа баруды армандайды. Көкте жүргісі келеді. Міне, Түрік авиация Университеті де аспанда, ғарышта болғысы келетіндер үшін үлкен мүмкіндік ұсынады»

Түрік Авиация Университеті
Ректордан аспанда, ғарышта болғысы келетін жастар университетте қандай кафедраларда оқиды? деп сұрадық.
**
“Университетте 5 факультет, 2 кәсіптік жоғары мектеп, барлығы 13 кафедрада білім беріледі. Осылардың барлығы авиация және ғарыш білімдеріне байланысты кафедралар.


Енді, сіздерге Эсенбоға әуежайына барайық десем, артық болады. Міне, тап қасымызда Этимесгут әуежайы бар. Сол әуежайға барамыз деп ойлап қараңыз. Бара жатып қолыңызда билет болуы керек. Міне, сол ұшақ билеті дайындайтын мамандар, яғни жердегі қызметтегі тұлғалар да біздің университетте оқып шығады.


Артынан ұшаққа мінесіз. Ұшақта жылы шырайлы кабин қызметкерлерін көресіз. Сіздерді «Қош келдіңіз» деп қарсы алады. Сол қызметкерлерді де біздің университет дайындайды. Ұшаққа отырғаннан кейін ұшақтың қозғала бастағанын сезесіз. Осы қозғалысты қамдау үшін жерде бірсыпыра қызмет берілуі керек. Олар да Түрік авиация Университетінде оқып шығады. Отырғаннан кейін капитан ұшқыштар мен олардың көмекшілері де іске кіріседі. Олар да аталмыш университетте білім алады.


Ұшақтың көтеріліп, сенімді жолда ұшуы үшін әуе қатынас бақылаушылары жұмыс істейді. Олар да осында дайындалады. Ұшақтың белгілі мезгілдерде күтімнен өтіп, жөнделуі керек. Осы істерді де біздің университетімізде оқып жетілгендер атқарады. Ұшақ инженерлері, ғарыш инженерлері, машина инженерлері, мекатроникалық инженерлер, компьютер инженерлері сынды...


Осы ұшақтарды біз де өндіреміз. Сонда ұшақ инженерлері мен ғарышкерлер керек. Міне, осы мамандардың барлығы Түрік авиация Университетінде дайындалып шығады»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар