Хасан Калионжу Университеті

Хасан Калионжу Университетінің ректоры профессор Тамер Йылмазбен сұхбат

65066
Хасан Калионжу Университеті

Өткен апта бойы сіздермен ТРТ Horızon фейсбук парақшасында да хабарласып тұрдық. Сіздерден келген хаттарда Түркиядағы мемлекеттік университеттерді жақсы таныстырғанымызды айтып, енді жеке меншік университеттер туралы білгіңіз келетінін жазыпсыздар. Сіздердің тілектеріңізді қабылдаймыз. Газиантеп қаласына барып, сондағы жеке меншік бір университетті таныстырамыз.
**
Хасан Калионжу Университетінің ректоры профессор Тамер Йылмазға ат басын тіредік. Газиантепте және Хасан Калионжу атындағы университетте болудың қандай артықшылығы бар екенін сұрадық:


«Мен негізінде Стамбулда туып өстім. Шамамен бір жылдан бері Хасан Калионжу Университетінің ректорлығын атқарып келемін. Стамбул – танымал жер. Стамбулдан басқа жерде тұрмаймын деп ойлайтынмын, бірақ міне, Газиантептемін және бақыттымын.
Газиантеп – тарихи бір қала. Тарихы он мың-он бес мың жылға дейін барады. Сонымен бірге мәдениет орталығы. Гастрономия туризмінің де орталығы деп айтуға болады. Дүние жүзінде қала атымен аталатын жалғыз асхана осы Газиантепте. Қалған асханалар мысалы француз асханасы, италиян асханасы деп аталады. Ал Газиантеп асханасы қаланың атымен аталатын асхана. Сондықтан өте маңызды мәдениет туризмінің астанасы болып табылады. Барша біле бермейді, Газиантеп Түркияның үлкендігі жағынан бесінші өнеркәсіптенген қаласы. Экспортта алдамыз. Өнеркәсіпте көшбасшы. Инвесторы мен кәсіпкері мол. Әлеуеті жоғары. Университет түлектеріне қажетті әлеуеттер осында. Қазір қалада төртінші университет ашылып, білім бере бастады.
Хасан Калионжу Университеті осы аймақтың алғашқы жеке меншік университеті болып табылады. Қазір үшінші жеке меншік университет ашылды. Мәдениет және туризмнің астанасы болған қала енді білімнің де астанасы болу жолында. Спорттың да астанасы болу бағытында бастамалар бар. Көптеген турнир және спорттық сайыстар осында өткізіле бастады. Енді Газиантеп қаласы барша тәлімгер үшін «тұруға болатын» бір қала. Климаты өзгеше, Күн басқаша жарқырайды. Газиантеп университет қаласы болуға кандидат».


**

Бағдарлама тобы ретінде Хасан Калионжу Университетін аралап жүріп, замандас және тамаша ғимараттармен кезіктік. Ректормен сұхбатымыз барысында таң қалғанымызды жасыра алмадық. Қаралық, бізге не айтар екен.


«Ауқымды алаңға құрылған өте жаңа және замандас сәулетімен ерекшеленетін университет. Осы тақырыпта Түркияда алғашқы үштіктеміз. Атақты сәулетші Зеки Шерифоғлу бүкіл университет қалашығын біртұтас ретінде жобалады. Білім берілетін ғимараттар, лабораториялар мен басқа да әлеуметтік ғимараттарды бір тұтастық ішінде ұсынуға тырыстық.
Қалашығымыз керемет деп ойлаймын. Бірінші рет келгендер әрдайым таң қалады. Жаңа университет болғандықтан күтпейтін болар. Хасан Калионжу Университеті алты жылдық университет, бірақ ғасырлық бір университеттің физикалық мүмкіндіктеріне ие. Екіншіден оқытушы штатымыз мықты.
Тәлімгерлер осында барлық мүмкіндіктен пайдалана алады. Университет тәлімгерлерге қалайтындарын береді»


**
Ректордан баспана және әлеуметтік мүмкіндіктер туралы сұрадық:


«Баспана тақырыбында ең маңыздысы – жатақхана мүмкіндіктерінің болуы. Біздің кампуста үш жұлдызды комфортқа ие жатақхана бар. Тәлімгерлердің барлығының осы жатақханаларда тұру мүмкіндігі бар.
Әрине, әлеуметтік іс-шаралар да маңызды. Университеттердің негізгі үш міндеті бар. Біріншісі оқу-ағарту ісі. Екіншісі зерттеу жұмыстарын атқару. Үшіншісі әлеуметтік жауапкершілік жұмыстарын жүргізу. Қалашықта кітапханалар, спорттық кешендер, кафетериялар осы түсінікпен жұмыс істейді»
**


Хасан Калионжу Университетінің ректоры профессор Тамер Йылмаздан соңғы сұрақ ретінде шетелдік тәлімгерлерді шақыра отырып, не айтар едіңіз? дедік:


«Біріншіден Газиантеп – міндетті түрде көру керек бір жер. Осы артықшылығы бар. Екіншісі өте маңызды білім экожүйесі осында қалыптаса бастады. Осында өте сапалы білім алу мүмкіндігі бар. Оқытушылары сапалы, білімі сапалы. Біз Газиантеп ретінде әрі ұлттық, әрі халықаралық салада бәсекеміз. Шетелдік студенттерге де жергілікті тәлімгерлер секілді үлкен мүмкіндіктер ұсынамыз. Қазір 28 елден 120 шетелдік тәлімгер білім алуда. Мақсатымыз – мың студент. Тәлімгерлеріміз өте бақытты, жаңа келетіндер де қанағаттанады деген сенімдемін»


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар