Түрікше үйрететін орталық - ТӨМЕР

Анкара Университеті ТӨМЕР-дің Түркия көлемінде 7 қалада 11 филиалы бар.

107736
Түрікше үйрететін орталық - ТӨМЕР

«Білім бір ұлтты еркін, тәуелсіз, даңқты қылады немесе тұтқын қылып, қайғыға қалдырады»
Бүгін бағдарламамызды Мұстафа Кемал Ататүріктің білім туралы айтқан сөзімен бастадық. Білімнің маңызын жақсы түсінеміз және өзгеріп отырған жаһандық жағдайға сай болу үшін алдымен осы тақырыппен айналысуымыз керектігін де білеміз.
Өткен апта Анкара Университеті ректоры Проф др. Еркан Ибишпен сұхбатымыздың бір бөлімін жариялаған едік. Бүгінгі бағдарламамызда алдымен осы сұхбаттың екінші бөлімін жариялаймыз. Артынан өткен апта сізге берген уәдемізді орындаймыз.
Өздері оқуға барған елдің тілін қалай үйренемін деп уайымдайтын студент достарымыз үшін ректордан Шет тілдерін үйрену орталығы ТӨМЕР туралы сұрадық:
«Біз мақтан тұратын ерекшеліктердің бірі – ТӨМЕР. Ондаған тілде білім береді. Ең маңыздысы шетелдік студенттерге түрік тілін үйретеді. Бұл мекеме бүгінге дейін 100 мыңдаған студентке түрік тілін үйретті және түрікше дипломын тапсырды. Бүгінгі таңда дүние жүзінің түрлі елдерінде «Мен ТӨМЕР-де оқыдым. Түрікше үйрендім» деген адамдар бар. Бұл үлкен мақтаныш. Шетелдік студенттер алдымен ТӨМЕР-ге қонақ болады, түрік тілін үйренеді және білімдерін жалғастырады. Ағылшынша білім беретін факультеттерде оқитын болса да түрік тілін үйренуін қалаймыз. Себебі осы орталықта керемет атмосферада түрікше үйретіледі»
**
Бүгін сіздерге өте маңызды және табысты орталық ТӨМЕР-ді таныстырамыз.
Алайда осы тақырыпқа өтпей тұрып, Анкара Университет ректоры Проф. Др. Еркан Ибиштен «Шетелдік студенттерге шақыру тастасаңыз, Анкара қаласы мен Анкара Университетін неге таңдаулары керектігін қалай айтар едіңіз?» деп сұрадық.
«Мынаны айтқым келеді. Біз халықаралық деңгейге жетуге көңіл бөлетін бір университетпіз. Басты нысаналарымыздың басында осы келеді. Осы аяда да университетте өзгеріс самалы есуде. Мен мұны өзгеріске жұмылдыру деп атаймын. Студенттер Анкараға келгенде оларды қалада сенімді және тыныш тұрмыс күтіп алады. Университеттің іші де солай. Анкара Университетінде шетелдік студенттерге ыстық ықылас көрсетіледі. Қала халқы да шетелдік студенттерді ұнатады.
Айырықша университетте әрі білім алып, әрі зерттеу жүргізе алады. Мұрағатымен, кітапханаларымен, басқа да ғылыми тәжірибесімен бай университет. Мәдениет пен өнердегі түрлілігі мен байлығы басқа бір ерекшелігі. Анталия уәлаяты Манавгат ауданында студенттерге арналған демалыс орны бар. Ылгаз тауында да бір базамыз жұмыс істейді. Студенттер әрдайым осы жерлерге барып, демалады. Әртүрлі спорттық, мәдени шаралар өткізеді. Осы тұрғыдан не іздейтін болса, барлығы Анкара Университетінде бар. Сондықтан Анкара Университетіне келулерін сұраймын»
**
Енді ТӨМЕР-ге кезек келді.
Анкара Университеті ТӨМЕР дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы тіл және мәдениет орталықтарынан шабыт алынып, шетелдіктерге түрік тілін үйрету, Түркияны және түрік мәдениетін таныстыру мақсатымен Түрікше үйрету орталығы деген атпен 1984 жылы құрылды.
ТӨМЕР-де 1989-1990 оқу жылы ағылшын, француз және неміс тілі үйрету басталды. Кейіннен сатылы түрде көптеген шет тілі қосылды. 2011 жылы ТӨМЕР-дің ашық атауы Түрік тілі және шет тілі игеру және зерттеу орталығы деп ауыстырылды. Анкара Университеті ТӨМЕР-дің Түркия көлемінде 7 қалада 11 филиалы бар.
ТӨМЕР түрік тілі және басқа тілдерді үйретуде замананың қажеттіліктеріне сай, соңғы технологияларды қолдана отырып, Түркияда және әлемде алдыңғы қатарлы мекеме болу миссиясымен жұмыс істейді.
Әрине, Түркияда 7 қалада 11 филиалымен тамырлы және табысты мекеме ТӨМЕР-ді осыншама қысқа уақытта толығымен баяндауымыз мүмкін емес. Сіздер үшін Түркияның түрлі қалаларында университет өкілдерімен сұхбат жүргізген кезде, осыларға қосымша түрлі басқа да ұйымдармен қоса Анкара Университеті ТӨМЕР-дің филиалдарына да барып, интервью аламыз.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар