Білім көкжиегінде – 16

Селчук Университеті

96657
Білім көкжиегінде – 16

Білім әлемінің ұшы –қиыры жоқ айдынында сансыз таңдаумен бетпе-бет қаламыз. Маңыздысы – осы таңдауларды бөлек-бөлек қарап, біз үшін ең ыңғайлысын табу. Міне, осы мақсатпен тағы бір мәрте ТРТ Түркия үні радиосында табысып отырмыз.
Аптасына бір рет жарияланатын радио бағдарламасына қосымша Фейсбукта TRT HORIZON парақшасында сіздермен байланысқа өтуді жалғастырудамыз. Университтерімізді сіздерге таныстырмастан бұрын әрбір университетке барып, ректорлармен танысамыз. Университеттердің шетелдік студенттерге бағытталған ерекшеліктерін білу мақсатымен кейбір оқытушылар мен студенттерге микрофонымызды береміз.
**
Бүгін әдеттегі эфирден шығып, өзгеше нәрсе істегіміз келді. Өткенде Фейсбук парақшамыз TRT Horizon-ға Татарстан Республикасы Қазан қаласында тұратын жасөспірім тыңдаушымыздан бір сұрақ келді. Ол Түркияда гуманитарлық бір салада білім алғысы келетінін айтады және бізден тыныш қала мен университет сұрайды. Біз де оған Самсун және Ыспарта секілді тұрғын саны көп емес, алайда теңізге де қолжетімді қалаларды ұсындық.
Осы сұхбаттан кейін татар жігіті бізден Селчук Университеті туралы пікірімізді сұрады. Негізінде, Кония қаласы мен Селчук Университеті жақын уақыттағы сұхбат күнтізбегімізде бар.
Алайда осы апта аталмыш тыңдарманымыздың сұрағына егжей-тегжейлі жауап беру мақсатымен Селчук Университетін таныстыруды жөн көрдік. Алдағы бөлімдерге сіздерге Ислам мәдениеті мен өркениетінің ең маңызды орталықтарының бірі Кония қаласын жақыннан таныстырып, ректор және студенттермен сұхбаттарды да бөлісеміз.
**
Селчук Университеті оқу-ағарту жұмыстарын 1975 жылы 2 факультет, 7 кафедра, 327 студент және 2 оқытушымен бастады. Бүгін 21 факультет, 23 кәсіптік жоғары мектеп, 7 жоғары мектеп, 27 практика және зерттеу орталығы және 67800 студентімен білім ізденістерін жалғастыруда. Селчук Университеті қазір 2507 академиялық, 1210 әкімшілік қызметкерімен Түркияның ең үлкен университеттері қатарында.
Селчук Университетінде арасында Мадагаскар, Ауғанстан, Танзания, Мысыр, Тайланд, Нигерия, Швеция, Франция және Израиль сынды елдер де бар 47 елден 721 шетелдік студент білім алуда.
Селчук Университетінің назар аударатын әлеуметтік және спорттық мүмкіндіктерін келесі бөлімдерімізде ректор және студенттердің сөздері арқылы сіздерге жеткіземіз. Бүгін басқа бір маңызды ерекшелігі туралы айтып береміз.
Селчук Университеті Кедергісіз тұрмыс бөлімі арнайы мұқтаждықтары бар студенттерге барлық салада қолдау беретін және жақсы жабдықталған бір атмосфера қамдайды. Олардың білімдеріне байланысты проблемаларды жойып, жеке азамат ретінде тәуелсіздіктерін кеңейтіп, қоғамға «өндіретін» бір азамат ретінде атсалысуларына көмектеседі. Бөлім осы мақсатпен 2009 жылы құрылған.
Селчук Университеті Кедергісіз тұрмыс бөлімі университетте және қалада сезімталдықты арттыру мақсатымен жұмыстарын бар қарқынымен жалғастыруда.
Селчук Университетінің студенттеріне ұсынылған маңызды мүмкіндіктердің бірі де – бос уақыттарын бағаландыру және өз бюджеттеріне үлес қосу мақсатымен жартылай жұмыс істеулері.
Студенттерге университет кітапханасы, компьютер лабораториялары, Сакып Сабанджы компьютер орталығы, университет телеарнасы және радиосы сынды түрлі жерлерде айлықпен жұмыс істеу мүмкіндігі берілген.
Селчук Университетінің мақсаты – халықаралық салада бренді жоғары, Еуропа елдері бастаған көптеген елмен студент және оқытушы алмасу келісім-шарттарын жасау. Бүгінгі шетелдік студент санынан да көп студентке білім беру. Айырықша тыныш және сенімді атмосфера жалғасатын, ұжымдасу және ғылыми даму тұрғысынан жылдам алға басатын, білімге көңіл бөлетін, қаламен бүтіндескен, технология тұрғысынан әрдайым жаңаланып тұратын білім ордасы ерекшелігін сақтап қалу.
Селчук Университетінің негізгі нысанасы – дүние жүзінің алдыңғы қатарлы 500, Түркияның болса үздік 5 университетінің арасында орын алу. Анатолының жарқыраған жұлдызы болып табылатын Селчук Университеті жаңалықтарға ашық, өзгеріске дайын және дамитын университет болу арманын табыспен орындап шығады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар