Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы 2

Білім көкжиегінде - 4

85231
Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы 2

Ең дұрыс деректі қайнарынан аламыз деп жолға шықтық, сондықтан Түркия Республикасы Премьер-министрлік Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасында төраға Кемал Юртначпен кездескен болатынбыз. Бағдарламамыздың өткен аптадағы бөлімінде аталмыш басқарманы таныстырдық және төрағасы Кемал Юртначпен сұхбаттың алғашқы бөлімін сіздермен бөліскен болатынбыз. Бүгін де сұхбаттың қалғанын жариялап, Түркия степендиялары жөнінде берілген сұрақтарға орын береміз.
**
Сұхбат барысында Кемал Юртнач жанұялардың уайымдарын да ескерді.
«Бұл студенттер – біздің қонағымыз. Біз олардың елдеріне барғанда жанұяларына былай дейміз: «Олар да біздің перзенттеріміз. Біздің қонағымыз. Еш уайымдамаңыздар. Қауіпсіздіктеріне, білімдерінің табысты жалғасуына, аяқталуына дейін біз жауаптымыз, оларға көмек көрсетеміз».
Әрине, Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы Түркияда саны бара-бара артып отырған университеттердің әлем көлемінде жақсы білім түсінігімен қызмет етуі үшін жұмыстанады. Төраға да осы жұмыстарды былай мазмұндады:
«Түркияда қазір 170 университет бар. Бұл маңызды тәжірибе бөлісу деген сөз. Түркияны өз аймағында білім беру орталығына айналдыру үшін жұмыс істеп жатырмыз. Осы университет тәжірибесін де төңірегіміздегі көрші елдермен, ағайын қауымдастықтармен бірге байытып, бөлісу үшін тырысудамыз».
Төраға Кемал Юртначтың осы жауабынан кейін Түркияның әлемде білім саласындағы миссиясына келеміз:
«Түркия географиялық тұрғыдан да Еуропа мен Азия арасында тарихи көпір қызметін атқаруда. Ғасырлар ішінде қалыптасқан қандастықтар басқа елдердің азаматтары болса да ешқашан өлмейді. Біз де Түркияда қалыптасқан тәжірибе жиынтығын олармен бөлісіп, осы қандастықтың қажеттіліктерін жалғастырудамыз».
Құрметті төрағадан баспана және медициналық қызметтер туралы сұрадық:
«Студенттер Жатақханалар мекемесінің жатақханаларында тұрады. Мемлекеттің кепілдігі астында. Бұл жатақханаларға ақша төлемейді. Олардың ақысын біз мекеме ретінде төлеп отырмыз. Әлеуметтік қауіпсіздіктерін қамдап отырмыз. Түркия Республикасы азаматтары қандай әлеуметтік қауіпсіздікке ие болса, шетелдік студенттер де сол секілді Әлеуметтік қамсыздандыру мекемесінің шаңырағы астында әртүрлі медициналық қажеттіліктерін қамдайды».
**
4 негізгі тақырыпта жиналған 16 түрлі степендия бағдарламасына қабылдану шарттарына орын береміз. Осы шарттар туралы толық мағлұматты turkiyeburslari.gov.tr адресінен алуға болады.
Степендия деңгейінен төменгі деңгейдегі бағдарламаны (мысалы магистратура үшін бакалавр бағдарламасын) тамамдаған немесе сол оқу жылы аяғында аяқтайтын жағдайдағы үміткерлер Түркия степендиясына өтініш бере алады.
Үміткерлердің
 Екі жылдық жоғары оқу немесе бакалавр бағдарламасына өтініш беретіндердің 1992 ж 1 қаңтар;
 Магистратура бағдарламасына өтініш беретіндердің 1983 ж 1 қаңтар;
 Докторантураға өтініш беретіндердің 1978 ж 1 қаңтар күні немесе одан кейін туылған болуы керек.
Үміткерлердің өздері өтініш берген степендия деңгейі және бағдарламасына қарай сұралатын ғылыми табысқа ие болуы керек. Айырықша үміткерлердің өздері өтініш берген деңгейде Түркияда басқа бір бағдарламада білім алып жатқан болмауы қажет. Түркия степендиясы осы шарттарға сай әлемнің барлық елдеріне үміткерлерге ашық.
**
Әрине, Түркияда білім алу тақырыбында ең жиі сұралған сұрақтардың бірі - түрік тілін үйрену.
Түркия түрікшесі әлемде 100 миллионға жақын адам сөйлейтін замандас бір тіл болып табылады.
Түркия степендиясы аясында Түркияда білім алуға қабылданған студенттердің арасынан түрікше білмейтіндерге бір жыл бойы тегін түрікше дайындық курсы беріледі. Түрікше дайындық курсы тек түрік тілінде білім беретін кафедра мен бағдарламалар үшін емес, ағылшынша және басқа да шет тілдерде білім беретін кафедралар мен бағдарламаларға қабылданған студенттер үшін мәжбүр. Түрік тілінде дайындық білімі студенттер университетте оқитын қалалардағы Түрік тілін үйрету орталықтарында беріледі.
8 ай болатын және маусым айында аяқталатын түрікше дайындық курсынан кейін студенттердің C1 деңгейінде Түрікше құжатын алуы керек. Маусым айында C1 құжатын алған студенттер табысты деп есептеліп, өздері қабылданған кафедрада білімін жалғастырады. Табыссыз болған студенттер үшін қыркүйек айына дейін қосымша мерзім мен қайтадан емтихан мүмкіндігі беріледі.
Қыркүйек айына дейін табысты болмай, түрік тілін үйренуді жалғастыратын студенттердің степендиялары бір жыл тоқтатылады. Олардың Түрікше үйрену орталығындағы ақылары төленбейді. Студент сол жылы қажетті құжатты алатын болса, степендиясы қайтадан іске қосылады және қабылданған университетінде білімін жалғастырады.
**
Бүгін бағдарламамызды Кемал Юртначтың сөздерімен аяқтайық: «Түркия аймағында білім алуға болатын маңызды елдердің бірі. Көбіне Орталық Азия, Балқан және Африкадан студенттеріміз бар. Студенттердің жанұялары әрине, білмейтін тақырыптарында уайымдайды. Адамдар әрине, барған жерлерінде немен кез келетіндерін, қоғамның өздеріне қалай қарайтынын білмейді. Бірақ Түркияда атмосфера сенімді. Түркия оларға білім тұрғысынан, территория және қауіпсіздік тұрғысынан маңызды мүмкіндіктер ұсынады. Студенттердің жалғыз міндеті сабақтарын оқу, олар да мұны табыспен аяқтап шығады деп сенеміз».


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар