Білім көкжиегінде - 2

Шетелде оқудың көптеген пайдасы бар.

128110
Білім көкжиегінде - 2

Атақты ойшыл Аристотель жақсы өмірді мықты ерекшеліктерді жетілдіріп, әлеуетіңізді байқап, болуыңыз керек адамға айналатын бір жер ретінде атайды. Ғасырлар бұрын айтылған осы сөз әлі күнге өтімді.

Дүниеге бір рет келесіз, онда өмірді ең жақсы түрде өткізу керек. нысаналарыңызды анықтап, өз көкжиегіңізге қарай жүргіңіз келеді. Сұрақтарға жауап табу үшін жол көрсетуші керек. олай болса сіз дұрыс жердесіз.

Түркия үні радиосында «Білім көкжиегінде» атты бағдарламада бас қосып отырмыз. Болашақты пішіндеу үшін халықаралық білім қозғалысы және Түркияда білім алу тақырыбында сұрақтарыңызға жауап қайтару және сіздерге университеттерімізді таныстыру үшін осындамыз.

Шетелде оқу туралы айтылғанда неге «мүмкіндік» деп айтылады? Осыншама адам неге өз үйлері тұрғанда діні, тілі және дәстүрлері басқа адамдармен білім алғысы келеді?

Иә, осы сұрақ тамаша бастама секілді. Осы сұрақты былай деп қоюға болады: Барлығы сізге таныс, тәртібі қалыптасқан тұрмысыңызда өз жеке басыңызды жеткілікті түрде жетілдері алу мүмкіндігіңіз бар ? Қиыншылықтарды жеңу, өзіңіздің белгісіз ерекшеліктеріңізді білу үшін жеткілікті мүмкіндігіңіз бар ма?

Үйді сағыну, жаңа тіл, жаңа тұрмыс тәртібі және шектеулі ақшамен өмір сүру кішкентай ғана нәрселер секілді көрінуі мүмкін, бірақ артқа қарағаныңызда осы табыстарыңызды мақтан тұтатын боласыздар. Осы кішкентай табыстар сізге белгілі өмір тәжірибесін сыйлайды, үйге оралғаныңызда жеке адам ретінде жетілгеніңізді, қиыншылықтарды жеңгеніңізді көресіз. Әрине, осы қабілеттер сізге жаңа тұрмыс қүрғанда және карьераңызда жаңа есік ашқанда керек болады.

Жұмыс берушілер жалпы қиыншылықтармен кезігіп, осы қиыншылықтардан сабақ алған адамдарды жұмысқа қабылдайды, себебі бұл табысты лидерде болуы керек ең маңызды ерекшеліктердің бірі ғана емес, сонымен бірге бір группамен жұмыс істегенде өте қажетті бір қабілет. Шетелде өмір сүрген кезде жаңа орталарға, жаңа адамдарға тез үйренісіп кету ерекшелігі, мәселені шешуге бағытталған көзқарасыңыз, тәуелсіз және ашық ұстанымыңыз сізді басқа үміткерлердің алдына шығарады.
Шет тілін үйренудің ең жылдам және тиімді жолы сол тілді өміріңіздің бір бөлшегіне айналдыру болып табылады. Бұл әрине тек кітап оқып, курстарға барудың орнына, күнделікті түрмыста сол тілде сөйлейтін адамдардың қасында, сол тілдің елінде мүмкін. Себебі тіл өз жерінде үйреніледі.
Шетелде білім алу басқа көптеген елге де сапар мүмкіндігін қамдайды. Тіпті бұл үшін 4 жылдық жоғары білім алу шарт емес. Бір семестр үшін білімін бір елде алу мақсатымен шетелге шыққан бір Эрасмус студенті де жалпы кемінде 5 елді аралағаннан кейін өз еліне оралады. Жаңа елдер, жаңа территориялар және жаңа мәдениеттермен көкжиегін кеңейтеді. Оның үстіне білім алу үшін таңдаған елі Түркия секілді мәдени тұрғыдан өте бай және артықшылығы мол бір территорияда болса, осы елге көрші елдерге де барып, әлем мәдениеттері мен діндері сынды көптеген тақырыпта бай ортаға тап келеді. Түркия мәдени байланыстарымен қоса замандас бір ел. Білім саласында абыройлы орынға ие маңызды білім орталықтарының бірі.

Өмірге кішкентай терезеден қарау әрқашан жеткілікті болмауы мүмкін. Халықаралық білім осы терезені кеңейтуіңізге көмектеседі. Тек таныс емес мәдениеттерді тану және өз қате пікірлеріңізді жеңу үшін ғана емес, сонымен бірге өз өміріңізді басқа адамдардың көзімен көру және өз мәдениетіңіздің қадірін тағы бір рет түсіну тұрғысынан да.

Халықаралық мәдени алмасу бағдарламаларына қатысқан жастар көбіне кейбір естеріне келмеген көптеген нәрсенің өздерін қатты таңқалдырғанын айтады. Ұлты басқа жолдастары күнделікті өмірде өздеріне әдет болып кеткен қимылдары немесе нанымдары туралы сұрағанда, осы тақырыпта бұрын еш ойланбағандарын байқайды. Әдет болып кеткен бір қозғалысы, мысалы Түркиядағы кофе балы дәстүрін келтіруге болады, қайдан шыққанын, қалай болғанын ойластыра бастайды. Міне, басқа елдерге сапарлай бару өз мәдениетіңді жақыннан түсінуге де пайдалы.

Қысқаша айтқанда, халықаралық білім алғаннан кейін проблемалардың бір ғана шешімі жоқ екенін, басқа секілді көрінген көптеген нәрсенің негізінде бірдей екенін түсінесіз, әлемге ашық оймен қарай бастайсыз және өмірді осылай бағаландыруды үйренесіз.

Құлаққа жағымды естіледі, солай емес пе?


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар