СКТР-да 25 маусым күні қосымша сайлау өтеді

Халық партиясы төрағасы Кудрет Өзерсайдың отставкаға кетуіне байланысты қосымша сайлау өткізіледі.

1991833
СКТР-да 25 маусым күні қосымша сайлау өтеді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы (СКТР) Республикалық Мәжілісінің отставкаға кету себепті бос қалған бір депутаттың орнына 25 маусым күні қосымша сайлау өтеді.

СКТР Жоғары сайлау кеңесі жасаған мәлімдемеде жоспарланған қосымша сайлау үшін партиялардың депутаттық кандидаттарын анықтау мерзімінің 29 мамыр күні, кандидаттық өтінішін беру мерзімінің де 31 мамыр күні аяқталатыны білдірілді.

Мәлімдемеде партиялар мен тәуелсіз кандидаттардың сайлау науқаны кезеңінің 24 маусым күні аяқталатыны атап көрсетілді.

Шамамен 210 мың тіркеулі сайлаушысы бар Солтүстік Кипр Түрік Республикасында қосымша сайлау Халық партиясы төрағасы Кудрет Өзерсайдың отставкаға кетуіне байланысты Никосиядағы 1 депутаттық үшін өтеді.

СКТР-да 50 орынды Республикалық Мәжілісте үкіметті құрайтын Ұлттық бірлік партиясының 24 депутаты, Демократиялық партияның 3 және Қайта өрлеу партиясының 2 депутаты бар.

Мәжілістегі оппозициялық Республикашыл Түрік партиясы 18, Халық партиясы болса 2 депутатпен өкілдік жасауда.



Ұқсас жаңалықтар