Президент Татар елінің түрік ұлтының ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді

СКТР президент Эрсин Татар Эгей Университетінің онлайн жиналысына қатысты.

1636090
Президент Татар елінің түрік ұлтының ажырамас бөлігі екенін мәлімдеді

Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президенті Эрсин Татар елінің түрік ұлтының ажырамас бөлігі және Түркия Республикасымен сабақтас екенін мәлімдеді.

Президент Татар 27-29 сәуір күндерінде БҰҰ басшылығында 5+1 форматты Кипр тақырыпты бей ресми конференция жайлы Эгей Университетінде ұйымдастырылған «5+1 Женева келіссөздері және Егемен теңгерім негізінде Екі мемлекетті шешім көзқарасы» тақырыпты онлайн жиналысқа қатысты.

Технология ілгерілеген сайын Түркиямен қарым-қатынастарының да жетілгенін атап көрсеткен Татар «Біз түрік ұлтының ажырамас бөлігіміз және Түркия Республикасымен сабақтасамыз. Барлық байланыс платформаларын ескере отырып, біз Түркиямен 100% байланыстымыз. Біз әр оқиғаны бірге сезінеміз, бірге бастан кешеміз» деді.

Татар Кипрде екі бөлек мемлекеттің тек қана ынтымақтастықпен біріге алатындығын, федерация немесе біріккен Кипр идеясының болашағы жоқ екенін алға тартқанын еске салды.

СКТР президенті Татар «Біз СКТР халқы ретінде егемендік теңдігімізді талап етеміз. Бөлек бір халық екенімізді, тарихымыздың бөлек болғанын, Түркиямен байланысымыз және энергетикалық ресурстарымызбен мүлдем басқа бір әлем екенімізді, 60 жыл бойы өзімізді басқарып келе жатқанымызды, сондықтан егемендікке құқығымыз бар екенін мәлімдедік. Егер келісім жасалатын болса екі тараптың да бекіту керектігін Женевада түсіндірдік. Женева жиналыстарында кепілгер елдің сыртқы істер министрі ретінде Мевлүт Чавушоғлу маған берген қолдау аса маңызды еді» деді.



Ұқсас жаңалықтар