Түркі ынтымақтастық күнін бірлік нығайған кезде тойлап отырмыз

Сыртқы істер министрлігі 3 қазан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық күніне орай хабарлама жариялады.

1280931
Түркі ынтымақтастық күнін бірлік нығайған кезде тойлап отырмыз

Түркия Түркі ынтымақтастық күнін бірлік нығайған кезде тойлап отырғанын хабарлады.

Сыртқы істер министрлігі 3 қазан Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық күніне орай хабарлама жариялады. Хабарламада Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің құрылуына байланысты Нахчыван келісіміне 2019 жылы 3 қазан күнінде қол қойылғаны еске салынды.

Түркия, Әзірбайжан, Қазақстан және Қырғызстан арасында қол қойылған күннің жыл сайын Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық күні ретінде тойланғаны атап көрсетілді.

Мәлімдемеде «10 жыл толған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық күнін 15 қазан күні Әзірбайжанның бас қаласы Бакуде өтетін 7-ші саммитте Өзбекстанның да толық мүше ретінде қосылатынына және Түрік Кеңесі Еуропа кеңсесінің ашылуына куә болынған, нығайған кезеңде тойлап отырмыз» деп айтылды.

Сыртқы істер министрлігі он жылдық мерзімде Түрік Кеңесінің маңызды қадамдар басқанына назар аударды. Мәлімдемеде «Кеңес ынтымақтастығы үшін жұмыстанған ТүрікПа, Түріксой, Түрік академиясы,  Түрік Мәдениет және мұра фонды,  Түрік Бизнес кеңесі және Түрік Кеңесі ортақ сауда және өнеркәсіп палатасы арқылы мүше елдер арасындағы ынтымақтастық ауқымды жағдайға келді.  Дос және бауырлас түрік республикаларының ортақ тіл, тарих және мәдениетінен күш-қуат алған Түрік кеңесі Еуразия территориясында бейбітшілік,  тұрақтылық және молшлықққа маңызды үлес қосу мақсатымен болашаққа жылжиды» деп айтылды.

Түрік Кеңесі 2009 жылдың 3 қазан күні Қазақстанның Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған болатын.



Ұқсас жаңалықтар