Кастамонуда Түріксой жиыны басталды

Тұрақты кеңес жиынына бауырлас елдердің мәдениет қайраткерлері қатысуда.

türksoy.jpg

Түрік мәдениетінің Халықаралық ұйымы ТҮРІКСОЙ - дың 36-шы Тұрақты кеңес жиыны Түркияның Кастамону қаласында басталды.
Жиынның беташар отырысына ТР Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой, Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов, Кастамону қаласы әкімі Яшар Карадениз, Түрік Кеңесі Бас хатшысы Бағдат Әміреев,  Түрік академиясы Бас хатшысы Дархан Қыдырәлі, ТүрікПа Бас хатшысы Алтынбек Мамаюсупов қатысты.
Мәдениет министрі Мехмет Нури Ерсой беташар сөзінде түрік әлемінің Юнеско-сы деп аталған Түріксойдың жұмысын жоғары бағалап, Түрік әлемінің Мәдениет астанасы болған Кастамону қаласында жүзеге асырылған шаралардың табысты өткенін атап айтты. Ол Түріксойдың бүкіл түрік әлемінің ортақ даусы бола білгенін баса айтты.
Сөз кезегінде Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов болса Түріксойдың 25 жылдығы мен Кастамону Мәдениет астанасының жабылу рәсіміне орай жиналып отырғандарын, туды басқа бір түркі қаласының қабылдап алатынын білдірді.
Кастамону қаласы әкімі Яшар Карадениз мәдениет астанасы шарасы барысында өткізілген іс-шаралары жөнінде мәлімет бере келе жиынның табысты өтуіне тілектестік білдірді.
Беташар отырысынан кейін жиын жұмыс отырысымен жалғасын табуда.
Торғын Сұлтанқызы
Кастамону



Ұқсас жаңалықтар