Президент Ердоған Түріксой делегациясын қабылдады

Бұл туралы Түріксой баспасөз қызметі хабарлады.

456417
Президент Ердоған Түріксой делегациясын қабылдады
türksoy cumhurbaşkanı nevruz
undefined
türksoy cumhurbaşkanı nevruz

22 наурыз күні Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған Халықаралық түркі мәдениетін дамыту ұйымы Түріксойдың делегациясын Президенттік сарайда қабылдады.

Бұл туралы Түріксой баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесуге Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов бастаған ресми делегация мен Әзірбайжан, Гагаузия (Молдова), Қазақстан, Қырғыз Республикасы, Македония, Монголия, Түркіменстан сынды елдерден келген өнерпаздар қатысты. Сонымен қатар Түркия вице-премьері Тұғрыл Түркеш, Түркияның Мәдениет министрі Махир Унал да кездесуде орын алды.

Түгел түркі жұртының, ұлыстың ұлы күні әз-Наурыз мерекесімен құттықтаған Түркияның Президенті: «Халықаралық Түріксой ұйымы құрылған күннен бастап, түркітілдес халықтардың өнер мен мәдениетін дамытуға зор үлес қосып келеді. Түркі дүниесіндегі бейбіт өмір сүру мәдениетінің қалыптасуында елеулі орынға ие. Бұл ұйымның әлемдік беделі орасан зор. Сондықтан Түріксойдың атқарып отырған жұмыстарына мән беріп, үнемі қолдау көрсетіп отырамыз.

Биылғы жылы Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралардың жоғары деңгейде өтетіндігіне сенімдімін. Наурыз – көктемнің хабаршысы. Түркиядағы бұл күн – бауырларды және туған-туысты біріктіретін мереке. Түркіні ғана емес, бүкіл адамзатты бейбітшілікке шақыратын күн. Түріксой ұйымдастырып отырған мерекелік іс-шаралары арқылы Наурыздың қасиетімен бірге бейбіт өмірдің сағынышын насихаттап келеді. Осылайша құрлықтар арасында мәдени көпірлер салып, достық қарым-қатынасты күшейтіп отырады. 28 наурыз күні Біріккен Ұлттар Ұйымында және 1 сәуірде Вашингтон қаласында өтетін мерекелік шараның сәтті өтетіндігіне сенімім мол. Осындай игі шараның басы-қасында жүрген Түріксой Бас хатшысына және Түріксойдың жұмыстарын қолдап отырған барлық бауырларымызға алғысым шексіз,» – деп жүрекжарды тілегін жеткізді.

Түріксой Бас хатшысы Дүйсен Қасейінов Түркия Президентіне алғыс білдіріп, иығына шапан жапты.

Еске сала кетейік, Қазақстанның атынан Түркияның 20-дан астам қалаларында Наурыз мейрамына арналған мерекелік шараларға «Сазген сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамблінің өнерпаздары, «Тараз» триосы, «Томирис» халық би ансамблінің бишілері, «Самұрық» бишілер тобы қатысуда.



Ұқсас жаңалықтар