Кипрде басшылар кездеседі

СКТР президенті Мұстафа Акынджы мен оңтүстік Кипр понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадис ертең бас қосады.

431491
Кипрде басшылар кездеседі

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті Мұстафа Акынджы мен оңтүстік Кипр понти әкімшілігі басшысы Никос Анастасиадис Кипр келіссөзі аясында ертең бас қосады.

Кездесуге екі жақтың делегацияларымен қоса БҰҰ Бас хатшысының Кипр арнайы кеңесшісі Эспен Барт Айде де қатысады.

БҰҰ бақылауындағы аралық аймақта өтетін кездесудің салмақты тақырыбы мал-мүлік пен әкімшілік болады.

8 ақпан күні өтуі жоспарланған басшылар кездесуі делегациялардың техникалық дайындықтары аяқталмағандықтан кешіктірілген болатын.



Ұқсас жаңалықтар