Түрік Республикаларының өзара ынтымақтастығы

Еуразия күн тәртібі –15

2124408
Түрік Республикаларының өзара ынтымақтастығы

Өткен бағдарламамызда Түрік Мемлекеттері Ұйымы мен ТүрікПА-ның соңғы айлардағы іс-шараларына тоқталған болатынбыз. Енді ТҮРІКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының жұмысына тоқталайық.

***

2024 жылдың 1 ақпанында ТҮРІКСОЙ-ға Түрік Мемлекеттері Ұйымының Ақсақалдар кеңесі делегациясының төрағасы Бинали Йылдырым барды. ТҮРІКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раев пен Бинали Йылдырым арасындағы кездесуде түркі әлемінің болашағы үшін жоспарланған жобалар талқыланды.

***

2024 жылдың 13 ақпанында Халықаралық Түркі академиясы мен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ұйымдастыруымен Астанада 8 томдық Түрік гуманитарлық энциклопедиясының тұсаукесері өтті. Түрік гуманитарлық энциклопедиясын Оңтүстік Корея ғалымдары дайындаған.

***

2024 жылы 14-15 наурызда Баку қаласында Халықаралық Түркі академиясы, Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры, Әзірбайжан және Түркия ЮНЕСКО ұлттық комиссиялары бірлесіп ұйымдастырған «Түркі әлемінің тарихи-мәдени мұрасын ЮНЕСКО тұрғысынан зерттеу және сақтау» атты конференция өтті. Конференцияға халықаралық түрік ұйымдарының басшылары толық қатысты.

***

Рауф Денкташ 2024 жылы 20 ақпанда ТҮРІКСОЙ Бас хатшылығының ғимаратында туғанына 100 жыл толуына орай еске алынды. Жиналыста Солтүстік Кипр Түрік Республикасының негізін қалаушы президенті Рауф Денкташтың суретші, жазушы және ақын  сияқты түрлі қырлары қатысушыларға таныстырылды.

***

Түрік әлемі өнер университеттері қауымдастығының 3-ші жиналысы 2024 жылдың 21 наурызында Анкарада өтті. Түрік әлемі өнер университеттері одағының келесі отырысының Бакуде өтуіне шешім қабылданды.

***

 2024 жылғы 21-22 наурызда Халықаралық Түрік мәдениеті мен мұрасы қорының төрайымы Ақтоты Райымқұлова Францияға жұмыс сапарымен барды. Төрайым Райымқұлова Парижде ЮНЕСКО-ның жоғары лауазымды өкілдерімен және елшілерімен кездесулер өткізді.

***

2024 жылдың 26-29 наурызында Түрікменстанда Анау 2024 Түркі әлемінің мәдени астанасының ашылу шаралары ұйымдастырылды. Ашылу рәсіміне Түркі Республикаларының Мәдениет министрлері, Халықаралық түрік ұйымдарының бас хатшылары мен төрағалары  қатысты. Шара аясында Халықаралық түрік ұйымдарының бастамасымен 26 наурызда Түрікменстандағы туризмді дамыту және мүмкіндіктер бағыты, 27 наурызда «Ежелгі Анау өркениеті», 28 наурызда «Түрікмен жері-ежелгі мәдениеттер орталығы мен халықаралық конференциялар және халықаралық медиа-форум» өтті. ТҮРІКСОЙ мұражайлар одағының мүшелері де бас қосып, өзекті мәселелерін талқылады. 2024 жылы Түрік Республикаларында әйгілі ақын Мақтұмқұлын  еске алу жылы шаралары өтеді.

***

Жаңалықтардан көріп отырғанымыздай, ТҮРІКСОЙ, Халықаралық Түркі академиясы және Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қоры Түрік Республикаларының бірлігі, тұтастығы және халықаралық аренадағы өкілдігі жолында тамаша жұмыстар атқаруда. Биыл Қазақстанда өтетін «V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары» түрік халқының әлемге танылуына үлкен үлес қосады.

  



Ұқсас жаңалықтар