«Жұмақтардың ашық жолы» туындысы

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 7

2125586
«Жұмақтардың ашық жолы» туындысы

«Жұмақтардың ашық жолы» туындысы

«Өмірін түрік әлеміне арнағандар» атты бағдарламаның бүгінгі бөлімінде Харезм дәуірінде жазылған «Нахдж аль-фарадис» туындысының түрік тіліне үлесі мен авторы туралы әңгімелеп береміз.

**

   «Жұмақтардың ашық жолы» деген мағынаға келетін «Нахдж аль-фарадис» туындысы – Харезм дәуірінде жазылған туындылардың бірі.  Авторы – Махмуд әл-Кердери. Авторы туралы мәлімет өте аз. Ол Харезмнің Кердер қаласында өмірге келіп, 1360 жылы қайтыс болған.  Туындысын 1358 жылдан бұрын жазғаны белгілі.    

«Жұмақтардың ашық жолы» қырық хадис түрінде проза және 444 беттен тұратын дидактикалық шығарма.  4 тарау және 40 тақырыптан тұрады. Әрбір тақырып бір хадистен басталады. Хадистің түрік тіліндегі мәтіні берілгеннен кейін «танымал Ислам ғұламаларының туындыларынан сол хадистің мағынасы айтылады және хикаялары» жеткізіледі. Басқа хадис және әйеттермен тереңдетуге тырысады.  Бірінші тарау Әз. Мұхаммедтің парасаттары мен өмірі туралы. Уәхи, Мәдинаға көш, миғраж және пайғамбардың өлімі осы тарауда орын алады. Екінші тарау 4 халифа, Әз. Фатма, Хасан, Хүсейін және 4 мәсхап имамы туралы. Үшінші тарау Аллаға жақындататын амалдар туралы. Намаз, зекет, ораза, қажылық, ата-анаға қызмет, адал ас, сабыр секілді тақырыптар осы тарауда көрсетілген. Төртінші тарау Алладан алыстататын істер жөнінде. Қан төгу, зина, ішімдік, жалған дүниені жақсы көру, кекшілдік және жамандық, өркөкіректік секілді жаман әдеттер осы тарауда түсіндірілген.

«Жұмақтардың ашық жолы» көлеміне қарағанда, Харезм дәуірінің ең маңызды туындысы болған. Айырықша зерттеушілер автордың «қарапайым және ашық» стиль қолданғанын, мұның да дидактикалық мәнге сай екенін айтады. Туындыда харакаттар да қолданып,  автор баяндағысы келген нәрсесін оңай түсіндіруді қамдаған. Әрбір тақырыпты түсіндіретін дидактикалық туындылармен ашқан, тақырыптарды ашық баяндаған. Сол дәуірде Құран кітаптың түрікше аудармалары да жасалғанын ойлап қарасақ, автор Құран аудармаларын халықтың түсінуінің де зиян екенін біле отырып, өзі аударған. Түсініктемелерін жазған, күнделікті өмірде қолданылатын сөздер қолданған. Автордың осылайша айналысуының ең маңызды себебі – Исламды тереңірек түсіндіру. Халыққа Исламды күнделікті өмірде қолданудың жолдарын көрсету.

«Жұмақтардың ашық жолы» шығармасының бүгінгі күні белгілі 11 нұсқасы бар.  Бұлар – Стамбул Сүлеймание кітапханасындағы ең таза нұсқа- Жаңа Мешіт нұсқасы. Қазандық ғұлама Шехабиттин Мержани кітапханасындағы нұсқасы айтылады.  Бұл нұсқа кейіннен жоғалып кеткен.  Париж нұсқасының бас жағы мен аяқ жағы олқы.  Қазан Мемлекеттік университетінде екі, Қазан Мемлекеттік Педагогика институтында бір нұсқасы сақтаулы.  Санкт-Петербургта Ғылымдар академиясында Шығыстану институтында екі нұсқасы бар.

«Жұмақтардың ашық жолы» туралы Зеки Уәлиди Тоған,  Фуат Көпрүлі, Йанос Экман, Али Фехми Караманлыоғлу, Осман Недим Туна, Айсу Ата сынды басты ғалымдар зерттеу жүргізді және ғылым әлеміне таныстырды.

Жоғарыда да айтылғандай «Жұмақтардың ашық жолы» туындысы Ортағасыр түрік тілі, мәдениеті және өнер зерттеулері тұрғысынан маңызды орынға ие.  Құнды мәліметтерге толы шығарма.

 

   

 

Дереккөздер:

1. Ercilasun, Ahmet. B. (2004). Başlangıçtan Yirminci Yüzyıla Türk Dili Tarihi. Ankara: Akçağ Yay.

2. Kuyma, Erol, (2015). Harezm Dönemi Türkçesi ve Eserlerine Genel Bir Bakış. Hitit Üniversitesi Sosyal Bilimler Enstitüsü Dergisi. Yıl 8, Sayı 1, Haziran 2015, ss. 367-383.

3. Janos Eckmann, (1956). Nehcü'l-Ferâdîs I, Tıpkıbasım, TDK, Ankara.



Ұқсас жаңалықтар