«Искилип токмаклы кағны»

"Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 14"

2123323
«Искилип токмаклы кағны»

«Искилип токмаклы кағны»

Тіркелген уақыты:  03.08.2023

Түркияның Орталық Анадолы аймағында орын алған және Хетт империясының тарихи бас қаласы Хаттуша шекарасында орналасқан Чорум қаласының Искилип ауданы өте қызықты және ерекше бір ойыншық өндірісіне ие. Искилип әкімшілігінің 2023 жылғы өтінішімен Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енген «Токмаклы қағны» (ағаш балғалы өгіз арба) өте қарапайым жұмыс механизмі бар. Токмаклы кағнының тарихы шамамен жүз жыл бұрынан бастап келеді.

Бұл ойыншықты алғаш Хасан Чавуш есімді бір адам жасаған және бұл ойыншықтың шығу тегі әйелдердің қол диірменде «булгур» ұнтақтаған кезде ағаш балғалардың кезек-кезек соғуының белгісі екені айтылады. «Токмаклы өгіз арбалары» бұрын қол станоктарында, қазір болса электрлі станоктарда қарағай мен терек ағаштарынан өндіріледі. Төрт дөңгелегі және төрт балғасы бар ойыншықтың негізгі бөлігі – «Аяқ» деп аталатын жалпақ бөлігі. «Токмаклы кағнының» ерекшелігі – дөңгелектер қозғалған кезде балғалар аяқ бөлігіне соғылып, дыбыс шығарады. Ойыншыққа қолданылатын бояулар да өте ерекше. Қызыл, сары, көк, қара және жасыл түстер басым қолданылатын бояулар мата бояуының қарағай шайыры және ыстық сумен араластыру арқылы жасалады. Шайырдың әсерінен қатып қалып, қалыпқа айналатын бояуды станокта айналған өгіз арба бөліктеріне жағып бояйды. Бояу процесі аяқталғаннан кейін «Токмаклы кағны» түстері жақсырақ көрінсін деп терек қабығының ішкі бетімен жылтыратылады.



Ұқсас жаңалықтар