«Трабзон телкарийесі мен сым өрімі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 12

2118550
«Трабзон телкарийесі мен сым өрімі»
telkari 1.jpg
telkari.jpg

Тіркелген уақыты:  22.09.2006

Түркияның Қаратеңіз жағалауындағы тарихи қаласы Трабзон тарихы 7 мен 8-ші ғасырларға дейін сүйенген және Гүмүшхане кен орнынан әкелінген алтын мен күмісті өңдеу және сату мақсатымен басталған өте ерекше бір қолөнеріне қонақжайлық жасауда.

Бір кезеңде қалада тұратын адамдардың үйлену ұсыныстарының ажырамас бөлігі болған және алтын немесе күміс білезік, алқа, сырға мен сақиналардан тұратын «телкарийе (филигрань) мен сым өрімі» Трабзон зергерлері және сағат шеберлері палатасының өтініші бойынша 2006 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енді. «Трабзон телкарийесі мен сым өрімі» 22 карат алтын немесе 900 карат күмісті өңдеу арқылы жасалады. 32 микрон қалыңдығында сымға айналдырылған алтын шеберлердің қолынан 80-100 граммдық сақиналар болып шығады. Ең алдымен алтын сымдар зергер оңай пайдалана алатын ұзындыққа кесіледі. Кішкентай бір орам қағаз немесе сіріңке таяқшасы үстіне 1-3 миллиметрлік өлшемді үшбұрышты сақиналар қалыптасады және сым өрім бұл сақиналардың айналасына өріледі. Екінші жағынан сым өрімді қысу және созылу процесі неғұрлым жақсы және күшті болса, өрімнің сапасы да соғұрлым жақсы болады.

Толығымен қолөнері және шеберлігімен өндірілген «Трабзон телкарийесі мен сым өрімі» аймаққа тән ою-өрнектермен жасалады. Трабзон телкарийесі  және сым өрімінің ең маңызды ерекшеліктерінің бірі – сым өрімнің су тамшысын төменгі жағына суды алғызбауы. Үлкен бір ептілік пен шеберлікті қажет ететін бұл зергерлік түрі Түркияда болғандай, аймаққа келген туристердің арқасында халықаралық беделге ие болды.



Ұқсас жаңалықтар