Түркия-Ирак қарым-қатынасының энергетикалық тұғыры

«Энергетика әлемі» - 12

2116539
Түркия-Ирак қарым-қатынасының энергетикалық тұғыры

Анкара Бағдат желісіндегі жаңа дәуір

«Энергетика әлемі» - 12

Түркия-Ирак қарым-қатынастары соңғы уақытта өзара сапарлармен айтарлықтай қарқын алды. Бұл қарқын Бағдатта өткен үштік кездесумен жаңа бір сатыға көтерілді. Сыртқы істер министрі Хакан Фидан, Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер және Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Ибрахим Калын жақында Иракқа барып, әріптестерімен бас қосты.

Жиналыстан кейін жарияланған ортақ декларацияда президент Режеп Тайып Ердоғанның Рамазан айынан кейін Иракқа сапарлай баратыны жарияланды.

Бірлескен декларацияда терроризмге қарсы күреске кең орын берілді. Дегенмен бұл жалғыз егжей-тегжей емес еді.

Анкара-Бағдат желісіндегі ынтымақтастықтың ресми бір мәртебемен жүзеге асырылуы керек деген консенсусқа қол жеткізілді.

Бұл жағдай бірлескен декларацияда былайша айтылды:

«Екі ел арасындағы қарым-қатынастардың түрлі салаларда құрылымдық негізді қалау және осылайша тұрақты байланыс тетіктерін құру мақсатты өзара түсіністік туралы меморандум бойынша жұмысты жандандыру туралы шешім қабылданды.

Түркия Республикасы мен Ирак Республикасы қарым-қатынастардың стратегиялық бір негізін құру түсінігімен дайындалатын осы мәтін арқылы екі елдің лауазымдылары жүйелі түрде және нәтижеге бағытталған тәсілмен үйлестірілген түрде жұмыс істеуге келісті.

Осы орайда террормен күрес, сауда, ауыл шаруашылығы, энергетика, су, денсаулық сақтау және көлік салаларында жұмыс істейтін Бірлескен тұрақты комитеттер құру туралы шешім қабылданды».

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде «Жаңа оқиғалар негізінде Түркия-Ирак қарым-қатынасының энергетикалық тұғырын» егжей-тегжейімен талқылаймыз.

GEÇİŞ

Ирак соңғы кездері әсіресе Түркиямен жүзеге асырылатын «Фав порты және даму жолы» атты бір жобаға үлкен мән беруде.

Даму жолының жобасы 1200 шақырымдық теміржолы және автокөлік жолын салуды көздейді. Осылайша Түркияның Искендерун порты мен Парсы шығанағындағы Фав порты бір-бірімен әрі теміржолы, әрі тас жолмен байланысады. Жоба Еуроодақтан Парсы шығанағы аймағы елдеріне дейінгі өте үлкен аймаққа әсер етеді.

Иракқа қоса Парсы шығанағы елдері табиғи газын Еуропаға тасымалдау одан қысқа уақытта жүзеге асады және әлдеқайда үнемді болады. Осылайша Түркияның «энергия орталығы» жоспарына да үлкен үлес қосады. Түркия Ирактың энергетика резервтерін халықаралық нарыққа шығуында белсенді рөл атқаратын болады.

Даму жолы жобасы Қызылтеңіздегі оқиғалар мен барып-қайту сапар санының айтарлықтай төмендеуінен кейін Суэц каналының басты бәсекелесі болады.

Президент Режеп Тайып Ердоғанның Бағдат сапарымен бірге аталмыш жобаға байланысты маңызды қадамдар басу жоспарлануда.

Ирактың дәлелденген мұнай қоры шамамен 145 миллиард баррельді құрайды. Ел әлемдік мұнай қорының шамамен 8 пайызына ие. Ирак мұнайы өндіріс құны мен сапасы тұрғысынан да әлемнің ең арзан мұнайларының бірі ретінде белгілі.

Президент Ердоғанның сапары барысында өткен сәуір айында ағыны тоқтаған Ирак-Түркия шикі мұнай құбыр желісінің қайтадан іске қосылуы күтілуде. Киркук-Юмурталык шикі мұнай құбыр желісінің жылдық тасымалдау күші 70 миллион баррельден асады. Алдағы кезеңде желінің өткізу қабілеті де кеңейеді.

«Даму жолы» жобасымен қатар жаңа энергия тасымалдау желілерінің құрылысының да күн тәртібінде екені атап көрсетілді.

Түркия мен Ирак арасындағы сауда көлемі жылына 25 миллиард доллар шамасында. Тараптар арасында артып отырған келіссөздермен көлемін одан әрі арттыру нысанаға алынып отыр.



Ұқсас жаңалықтар