Еуразиялық ресурстар қай жерден әлем нарығына шығады?

«Энергетика әлемі» - 11

2113362
Еуразиялық ресурстар қай жерден әлем нарығына шығады?

Еуразиялық ресурстар қай жерден әлем нарығына шығады?

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде «энергетиканың жаңа бағыттарын» егжей-тегжейімен талқылаймыз.

Түркия мұнай мен табиғи газ резервтері тұрғысынан бай Таяу Шығыс пен Каспий аймағы елдері мен осы энергия ресурстары қарқынды тұтынылатын Еуропа елдері арасында өте маңызды орынға ие. Еуропа мен Азияны байланыстыратын көпір болған Түркия табиғи газ желілерімен де маңызды орын алады. 7 халықаралық табиғи газ құбыр желісі мен 2 халықаралық мұнай құбыр желісі Түркиядан өтеді. Алдағы уақытта бұл сан артып, желілердің өткізу қабілеті артады деп күтілуде.

Украина-Ресей соғысымен бірге Еуропаға табиғи газ ағынының айтарлықтай азаюы Түркияның маңыздылығын одан әрі арттырды.

Бұл жобалардың ең маңыздысы Әзербайжанмен жүзеге асырылатын «TANAP» және Ресейден Анадолыға созылған «Көгілдір ағын» мен «Түрік ағыны» желілері болып табылады.

Ал, бұл жолдар туралы мәліметтер қандай?

«Батыс құбыр желісі» (Ресей – Түркия табиғи газ құбыр желісі)

Ұзындығы 845 шақырым болатын желі Болгария шекарасындағы Малкочлардан кіру арқылы Анкараға жетеді. Бұл желі 1993 жылы максималды өткізу қабілеті болған 6 миллиард текше метрге жетті.

«Көгілдір ағын» (Ресей - Самсун - Анкара табиғи газ тасымалдау желісі)

2003 жылы пайдалануға берілген «Көгілдір ағын» жобасының Түркия жеріндегі бөлігі Самсуннан бастап, Амасия, Чорум және Кырыккале арқылы Анкараға жетеді.

«Көгілдір ағын» табиғи газ құбырымен Түркияға жыл сайын 16 миллиард текше метр табиғи газ жеткізілуде.

«Түрік ағыны» құбыр желісі

Желі 2020 жылдың 8 қаңтар күні ашылды. «Түрік ағыны» жалпы газ өткізу қабілеті 31,50 миллиард текше метр, әрқайсысында 15,75 миллиард текше метр болатын 2 құбыр желісі бар. 15,75 миллиард текше метрлік бір желі Түркияны, ал 15,75 миллиард текше метрлік екінші желі Еуропаны газбен қамтамасыз етеді.

«TANAP» Әзербайжан-Түркия (Шахтеңіз І) табиғи газ құбыр желісі

Әзербайжан «Шахтеңіз-I» кен орнында өндірілетін табиғи газды Грузия арқылы Түркияға тасымалдау үшін салынған Әзербайжан - Түркия (Шахтеніз-I) табиғи газ құбыры 2007 жылы пайдалануға берілді.

«TANAP»-тың Грузия-Түркия шекарасынан Эскишехирдегі шыққан орнына дейінгі бөлігі 2018 жылдың 30 маусым күні пайдалануға берілсе, Эскишехирден Түркия-Грекия шекарасына дейінгі бөлігі 2019 жылдың қазан айы соңында іске қосылды. Еуропадағы нысандардың іске қосылуымен 2020 жылдың 31 желтоқсан күнінен бастап, Трансадриатикалық газ құбыры (ТГҚ) құбыр желісі арқылы Еуропаға тауарлық газ ағыны басталды.

Жыл сайын желіден Түркияға шамамен 6 миллиард текше метр, Еуропаға 12 миллиард текше метр табиғи газ тасымалдануда.

Желінің тасымалдау қабілетін кезең-кезеңімен 24 миллиард текше метрге және одан кейін 31 миллиард текше метрге дейін арттыру көзделуде.

Иран-Түркия табиғи газ құбыр желісі (Шығыс Анадолы табиғи газ магистральдық тасымалдау желісі)

Бұл желі арқылы Ираннан бастап, шығыстағы резервтерден келетін табиғи газды тасымалдау мақсат етіледі. 2001 жылдың аяғында пайдалануға берілген шамамен 1 491 шақырымдық «Шығыс Анадолы табиғи газ магистральдық тасымалдау желісінің» жылдық қуаты 10 миллиард текше метрді құрайды. Дегенмен Тегеран әкімшілігіндегі оқиғалар себепті әлі күнге дейін толығымен аяқталып іске қосыла алмай отыр.

Түркия алдағы кезеңде құбырлардың өткізу қабілетін арттыруды және табиғи газ бен мұнай нарықтарында сөзі өткір ел болуды мақсат етуде.

Осы себепті Фракияда табиғи газ орталығын құру жоспарлануда. Ресеймен бірлесіп жүзеге асырылатын бұл жобаға қоса, «BOTAŞ» Түркияға желілер арқылы әкелген табиғи газды сатуды қамтитын құқықтық реттеу де аяқталды.

Анкара оңтүстіктегі көршілеріне қоса, әсіресе Орталық Азиядағы түрік елдеріне бетін бұрды.

Түрікменстан табиғи газын «ТANAP» және «ТГҚ» құбыр желілерімен Түркия арқылы Еуропаға сату жөніндегі алғашқы құжатқа Түркия мен Түрікменстан қол қойды. Орталық Азиядағы түрік мемлекеттерімен де Түркияның жаңа энергетикалық келісімдерге қол қоюға жақын екендігі айтылады.

Түрік Мемлекеттері Ұйымына мүше елдердің көмірсутегі әлеуеті өте маңызды деңгейде.

Түрікменстан

Түрікменстан жер асты ресурстарына өте бай бір мемлекет. Түрікменстанның 15 триллион текше метрмен табиғи газ резервіне ие 4-ші ел екені болжалуда. Ел жылдық 100 миллиард текше метрге жақын табиғи газ өндіреді. Табиғи газын экспорттауға арналған үлкен газ құбыры желісі бар Түрікменстан жыл сайын Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай құбыры арқылы шамамен 40 миллиард текше метр табиғи газын сатады. 2009 жылы іске қосылды . Қазіргі уақытта ол Қытайдағы ең ірі табиғи газ жеткізушісі болып табылады.

Өзбекстан

Мұнай және табиғи газ кен орындары ел аумағының 60 пайызын құрайды және ел экономикасында үлкен үлеске ие, 5 түрлі аймақтағы 78 ұңғымадан мұнай мен табиғи газ өндіріледі. 92 ұңғымада бұрғылау жұмыстары жүргізілген Өзбекстанда жалпы мұнай қоры 5 миллиард 300 мың тонна, табиғи газ қоры 5 триллион 95 миллиард текше метр шамасында.

Қазақстан

Елдегі жалпы мұнай қоры 5 миллиард тоннадан асады. Бұл қордың 75 пайызы Қашаған, Қарашығанақ және Теңіз мұнай аймақтарында орналасқан. Қазақстанның табиғи газ резервтері болса жалпы 3 триллион текше метр деңгейінде екені атап көрсетіледі.



Ұқсас жаңалықтар