«Сивас котлеті»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері - 10

2111474
«Сивас котлеті»

«Сивас котлеті»

Тіркелген уақыты: 01.02.2006

Түркияның Орталық Анадолы аймағындағы тарихи Сивас қаласы осы аймақтың табиғи ортасында өсетін ұсақ және ірі қара малдың етінен жасалған және тек арнайы тұзбен пісірілетін өте әйгілі тағамға өз атын береді. «Сивас котлеті» 2006 жылы Сивас Сауда және өнеркәсіп палатасының өтінімімен Түркияның географиялық тіркелген өнімдері арасында орын алды. Сивас котлетін басқа кәуап түрлерінен айыратын ең маңызды ерекшелігі еттің табиғи ортада және өзіндік ерекше флорасы бар Сивас аймағының үстірттерінде жоңышқа және тимьян шөптерімен өсірілген сиыр және қойдың етінен алынуы. Сивас жері мен жайылымдарының ботаникалық әртүрлілігі еттің хош иісін анықтаушы фактор болып табылады. Котлеттің қоспасын дайындағанда тұздан басқа томат пастасы, көкөністер, қара бұрыш, қарын майы немесе ұқсас заттар пайдаланылмайды. Сивас котлетін әзірлегенде Зара ауданының Тузлагөзү ауылында өндірілген және ешқандай химиялық өңдеуден өтпеген табиғи тұз қолданылады.

Бұл тұз сонымен қатар котлеттің күту кезеңінде түсінің өзгеруіне жол бермейді және шыдамын арттырады. Котлеттің қоспасын дайындағанда белгілі бір консистенцияға жету үшін шеберлік қажет болғандықтан басқа котлет түрлерінен де ерекшеленеді.

Табада немесе барбекюде өте қысқа мерзімде пісірілген және жұқа етіп дайындалған Сивас котлетін таза туралған немесе пияз, ақжелкен, отқа қуырылған қызанақ және бұрышпен бірге ұсынады.



Ұқсас жаңалықтар