Жүсіп Баласағұн және "Құтты білік"

Өмірін түрік әлеміне арнағандар - 2

2093915
Жүсіп Баласағұн және "Құтты білік"

Жүсіп Баласағұн және "Құтты білік"

Түрік әлемінің ең ежелгі дәуірлерінен қалған мұрасы «Орқын жазбаларынан» кейінгі құнды басты туындыларының бірі – 11-ғасырда жазылған Баласағұндық Жүсіп Хас Хажибтің «Құтты білік» туындысы.  Бүгінгі күнге жеткен Қарахан дәуірі түрік тілінің ауқымды жалғыз әдеби туындысы болуы себепті өте маңызды.

«Құтты білік» «Орта түрік тілі дәуірі» деп аталатын кезеңде, 1069-1070 жылдар арасында жазылған.  Туынды өлең жолдары ретінде поэзия тілінде жазылған. Саясатнама немесе бір насихат ретінде атауға болады. 6645 өлең жұбынан тұрады, яғни 13 мыңнан астам жолда жазушы өзі өмір сүрген кездегі мемлекет басқару түсінігін жазған. «Құтты білік» бүгінгі түрік тіліне аударылғанда «бақытты болу білімі» деген мағынаға келсе де,  термин ретінде саясатнама деп есептеледі.  Туынды Ислам рухымен және адам ретінде екі әлемде толық мағынасында құтты болу үшін қажетті жолды көрсету мақсатында жазылған.  Туындының негізгі төрт кейіпкері бар.  Оқиғалар өзара сұрақ-жауап ретінде берілген.  Кейіпкерлердің бірі Билеуші болып табылатын Күнтуды әділетті, оның уәзірі Айтолды құтты,бақ-дәулетті,  билеушінің баласы Ұғділміш ақыл-парасатты, Окдүрміш болса қанағат-ынсапты бейнелейді. Диалог ретінде жазылған «Құтты білік»  шығармасында жақсылық жасаудың пайдалары,  білім мен ақылдың пайдасы,  мемлекеттің сыпаты,  әділет, билеушілердің қасиеттері, уәзірдің, қолбасшының,  елшілердің, қызметшілердің ерекшеліктері,  әлемнің кемшіліктері, ақірет, мырзаларға қызмет етудің әдістері,  ғалымдар,  емшілер, түс жорушылар, ақындар,  диқандар, саудагерлер, мал өсіретіндер, кедейлермен қатынас,  үй болу, отау құру, бала тәрбиесі, қонаққа барудың салты, жақсылыққа жақсылықпен жауап беру және достық тақырыптары қолға алынған. Туындыда көбіне түрікше сөздердің таңдалуы өте маңызды.  Сол дәуірдің шарттарына қарағанда араб және парсы тілдері мен сол мәдениеттерге қарсы түрік тілінің мәртебесін көтеру және сақтап қалу үшін жазылған маңызды туынды.  Авторы Жүсіп Баласағұн туралы білетіндеріміз – өз шығармасына кейіннен қосылған мәліметтер.  Осы мәліметтерге қарағанда Жүсіп 11-ғасырда Баласағұнда дүниеге келген. Асылтекті әулеттен шыққан. Туындысына қарағанда,  араб және парсы тілін жетік меңгерген. «Құтты білік» кітабын Баласағұнда бастап,  Қашқарда аяқтаған. Сол кездің Қарахан билеушісі Табғаш Қара Буғра ханның жанында осы туындысын  оқыған. Қаған туындыны ұнатып, мақтап, «Хас хажип» атағын берген.  Туындысында 18 ай жазғанын, 50 жасында екенін білдірген.  Сондықтан атақты түрік филологы Решит Рахмети Арат оның 1015-1016 жылдары дүниеге келгенін болжайды. Өлімі туралы мәлімет табылмаған.  Тек туындысының соңғы жағында өзінің қартайғанын атап көрсеткен.

«Құтты білік» кітабының бүгінге жеткен үш нұсқасы бар.  Соңғы жазылған ұйғыр әріпті нұсқасы Гератта, қалған екі араб әріпті нұсқалары Мысыр мен Ферғанада.  Білім әлімінде осы құнды еңбекті зерттеу процесін атақты түрколог Вамбери бастаған.  Толық туындыны Радлов жариялаған.  Алайда егжей-тегжейлі зерттеуді Решит Рахмети Арат жүргізген. Зерттеу тарихына қарағанда «Құтты білік» 19-20-ғасырларда әлемде түркология саласында жүзеге асқан ең үлкен жаңалық деп қабылданады. Осы жаңалық арқылы түрік ұлтының тек ауызша дәстүрге ие еместігі дәлелденген.  Батыс әлемінде екі ғасырдан бері туынды жөнінде зерттеулер жалғасып келеді. Бүгінге дейін Еуропа, Америка, Кеңес Одағы, Қытай, Жапония, Корея және Түркиядағы ғалымдар түрік әдебиеті зерттеулерін бастап,  «Құтты білік» бойынша маңызды зерттеуші ұрпақ өсірді.

Әлі күнге дейін зерттеліп келе жатқан туынды -  11-ғасырдағы түрік тілін айқындайтын, түрік әлемінің ең құнды қазынасы.



Ұқсас жаңалықтар