АЭС-тердің энергетикалық қауіпсіздікке әсері

«Энергетика әлемі» - 05

2094388
АЭС-тердің энергетикалық қауіпсіздікке әсері

АЭС-тердің энергетикалық қауіпсіздікке әсері

Атом энергетикасы ұлттық энергетикалық қауіпсіздіктің кілті ме?

Атом энергетикасы әсіресе табиғи энергия ресурстары шектеулі елдер үшін үлкен маңызға ие. Соңғы Ресей-Украина соғысы бұл жағдайды айқын көрсетті. Көптеген ел жабуға дайындалып жатқан атом электр стансаларын пайдалану мерзімін ұзартты. Энергетикалық қауіпсіздікті осылайша қамтамасыз етуді таңдады.

«Энергетика әлемі» атты бағдарламамыздың осы бөлімінде «АЭС-тердің энергетикалық қауіпсіздікке әсері» тақырыбын талқылаймыз.

Ядролық технологияға ие елдердің бірі болу үшін Түркия да күн санап келеді. «Аккую» атом электр стансасының (АЭС) бірінші реакторы қазан айында іске қосылады.

Станса құрылыс жұмыстары аяқталғаннан кейін 2023 жылдың 27 сәуір күні электр станcасына ядролық отындарды әкелумен ядролық нысанға айналды.

Станса 1 мың 200 мегаватт күшіне ие 4 реактордан тұрады. «Аккую» АЭС-тің 2026 жылы толық күшпен жұмыс істеуі жоспарлануда.

Электр стансасы толық іске қосылғанда, жыл сайын шамамен 35 миллиард киловатт-сағат электр энергетикасын өндіре алатын болады. «Аккую» АЭС Түркияның энергетика тұтынуының 10 пайызын қамтамасыз етеді.

Алайда Түркия үшін «Аккую» Атом электр стансасы алғаш болғанымен жалғыз ядролық станса болмайды. Екіншісі Синоп, үшіншісі Фракияда болып екі стансаның іргетасын қысқа мерзімде қалау жоспарлануда.

Атом электр стансалары қалыптасқан сенімге қайшы парниктік газдарды шығармайды. Осы себепті жаһандық көлемде ядролық реактор санын арттыру арқылы парниктік газ шығарындыларын жылдық тұрғыдан жалпы 17 пайызға азайту жоспарлануда.

Атом электр станцияларын орнату 1970 жылдардың басында мұнай дағдарысымен жылдамданды. Мұнай және басқа да көмірсутек ресурстары жоқ елдер осы ресурстарға тәуелділігін азайту және энергетика қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін атом электр стансаларына жүгінді.

Қазіргі таңда 32 елде 441 ядролық реактор жұмыс істейді және 17 елде 53 ядролық реактор салынып жатыр. Атом электр стансаларында өндірілетін электр энергетикасы күллі әлемдегі электр қуатының шамамен 10% сәйкес келеді.

Франция электр энергетикасы сұранысының 70%-дан астамы, Украина 51%-ы, Швеция шамамен 30%-ы, Бельгияның шамамен 40%-ы, Еуроодақтың 26%-ы, Оңтүстік Кореяның шамамен 30%-ы және АҚШ-тың 20%-ы ядролық энергиядан қамтамасыз етіледі.

Әлемде атом электр стансасы орнатылған қуаттық деректерге қарағанда АҚШ 100 мың мегаваттқа жуық қуатпен көш бастаса, одан кейін Франция, Қытай, Жапония және Ресей келеді. Адам басына шаққандағы атом электр станциясының "орнатылған қуат" бойынша бір азаматқа 941 ватт орнатылған АЭС-пен Франция бірінші, ал Швеция 853 ваттық қуатпен екінші орында тұр.

Атом энергиясын пайдалану бойынша көшбасшы елдерде қанша реактор бар? Қанша қуат өндіреді?

АҚШ

АҚШ ядролық энергетика бойынша көшбасшы болып табылады. Елде жұмыс істеп жатқан 92 реактор жалпы электр қуаты қажеттілігінің 20 пайызын қамтамасыз етеді.

АҚШ-та қазір 2 реактор құрылысы салынып жатыр.

Елде қарқынды түрде модульдік ядролық реактор жұмыстарын зерттеу және инвестиция салу жүзеге асырылуда.

Соңғы кездері болса елдің бұрынғы жылу стансалар орнына атом нысандарын құру бағытында жұмыстар мен зерттеулер жүргізілуде.

ФРАНЦИЯ

Франция электр қуатының 70 пайызын елдегі 56 ядролық реактордан қамтамасыз етеді.

Француз «EDF» энергетикалық компаниясы қыс айларында одан көбірек реактордың жұмыс істеуі үшін техникалық пайдалану процестерін тездетті.

Президент Эммануэль Макрон қазбалы отындарға тәуелділіктен құтылу үшін 14 жаңа ядролық реактор салу жоспарын жариялады.

Елде сондай-ақ шағын модульдік ядролық реактор технологияларына инвестиция салуға шешім қабылдады.

ҚЫТАЙ

Қытай өзінің электр қажеттілігінің 5 пайызын жұмыс істеп жатқан 54 ядролық реакторынан қамтамасыз етеді.

Қазір елде 22 реактор құрылысы жалғасуда. Қытай жоспарын бекіткен тағы 38 реактор бар.

Қытай 2025 жылға қарай жыл сайын 6-8 ядролық реактор салуды және бұл салада 2030 жылға дейін әлемнің ең мықты электр қуатына ие елі болуды мақсат етіп отыр.

Сәуір айында 6 жаңа реактор құрылысы мен Қытай осы аптада 2 атом электр стансасында 4 жаңа реактордың құрылысын бекітті.

ГЕРМАНИЯ

Германия атом электр станцияларын пайдаланудан сатылы түрде бас тартуды жоспарлап жатыр еді.

Алайда Ресейдің Украина жариялаған соғысынан кейін үкімет Ресейден келетін газдың үзілу ықтималына қарсы дайындықты бастады.

Өткен жылы елде 6 ядролық реактордан өндірілген электр энергетикасы жалпы электр қуатының 12 пайызын құрады.

Германия 2022 жылы қыс маусымында электр қуатын өндіруде туындауы мүмкін олқылықты жою үшін шұғыл шаралар қабылдады.

Осы аяда Бавариядағы «Исар 2» және Баден-Вюртембергтегі «Неккарвестхайм 2» деген екі атом электр стансасын 2023 жылдың сәуір айына дейін резервте қалдыру туралы шешім қабылдаған болатын.

ҰЛЫБРИТАНИЯ

Елде 9 ядролық реактор жұмыс істейді. Бұл реакторлар Ұлыбританияның электр энергиясына деген қажеттіліктің 15 пайызын қамтамасыз етеді.

Энергетикалық дағдарыспен бірге Ұлыбритания құны 30 миллиард фунт болатын атом электр станциясының жобасын бекітті.

БЕЛЬГИЯ

Елдегі 2 атом электр стансасында 7 реактор жұмыс істейді. Ядролық реакторлар өндірген электр энергиясы ел қажеттілігінің шамамен жартысына жуығын қамтамасыз етеді.

Бельгияда 2025 жылы жабылуы жоспарланған 2 атом электр стансасының жұмыс істеу мерзімі болса энергетика дағдарысы себепті 10 жылға ұзартылды.

ГОЛЛАНДИЯ

Қазіргі уақытта 1 реакторы бар Голландия 2 жаңа ядролық реакторға инвестиция салуды жоспарлай бастады.

ПОЛЬША

Ел 6 реактор жоспарымен шағын өлшемді ядролық реактор инвестициясына байланысты жұмыстарын бастады.

ҮНДІСТАН

Үндістанда 22 АЭС бар. Ел электр энергетикасының 3 пайызын ядролық стансадан қамтамасыз етеді. Елде 8 реактор құрылысы жалғасуда. Үндістан атом энергиясынан электр қуатын өндіруді 3 есеге арттырғысы келеді. 12 жаңа реактор салуды жоспарлауда.

ЖАПОНИЯ

Жапонияда қазіргі уақытта 33 ядролық реактор жұмыс істейді. Елде жұмыс істейтін 7 реакторға қоса, тағы 9 реакторды іске қосу туралы шешім қабылданды. Осылайша ел электр энергиясы қажеттілігінің 10 пайызын атом энергиясынан қамтамасыз ететін болады.

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

Оңтүстік Кореядағы электр өндірісінің 28 пайызы атом электр стансаларынан қамтамасыз етіледі. Елде жұмыс істейтін 25 реактор бар, 3 реактор құрылысы жалғасуда. Ел 2030 жылға дейін 10 атом электр стансасын салуды жоспарлауда. Осылайша электр өндіруде атомның үлесі 30 пайызға дейін артады.

Мұнай мен табиғи газға бай елдің өзі атом энергиясын электр өндіру үшін пайдаланады. Қазір бүкіл әлемде 54 ядролық реактордың құрылысы жалғасуда. Салынып жатқан ядролық реакторлардың 11-і Қытайда, 7 Үндістанда, 4-і Ресейде. Осыған қоса Біріккен Араб Әмірліктерінде 4, Оңтүстік Кореяда 4, АҚШ-та 2 және Францияда 1 ядролық реактордың құрылыс жұмыстары жалғасуда.



Ұқсас жаңалықтар