«Ибежик безі»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 04

2092446
«Ибежик безі»

«Ибежик безі»

Тіркелген уақыты: 07.08.2023

Түркияның Жерорта теңізі аймағында Бурдур қаласына қарасты Ибежик ауылы бірегей өндіріс әдісі бар тоқыма өніміне өз атын берген. Ауыл қараған Гөлхисар аудандық әкімшілігінің өтініші бойынша 2023 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдерінің қатарына енген «Ибежик безі» деп аталатын мата әдетте жаңғақ ағашынан жасалған қол тоқыма станоктарында 100 пайыз мақта жіппен өндіріледі.

Ауылда тұратын әйелдер арнайы тоқу әдісімен шығарған және өте жұқа құрылымымен назар аударатын «Ибежик безінің» шикізаты мақта болғандықтан табиғи түсі бар. Тоқығанда мақта жіп қолданылғанымен, кейбір өнімдерде кейде жүн мен жібек қолданылады. Әртүрлі әдістерді қамтитын және негізінен геометриялық пішіндегі көптеген ою-өрнектер орын алған «Ибежик безі» түбіне ақ немесе түрлі-түсті өрнек өрімдерімен фонға өрнек салу арқылы тоқылады. Ою-өрнектер үшін фонға қарағанда жіңішке жіп қолданылады және бұл жіпті 12 рет орау арқылы қалыңдатады. Ауылда тұратын, жазғы маусымда егістік пен бақшаларда жұмыс істейтін ер адамдар мен әйелдер ұзақ жылдар бойы күннің ыстығынан сақтану үшін орамал ретінде пайдаланған бұл өнім өте жұқа тоқылған сондай-ақ үстел мен шағын үстелшелерге жаятын дастархан, майлық, «Пекшір» деп аталатын сүлгі, әйелдерге орамал және үй тоқыма бұйымдарында қолданылады. 



Ұқсас жаңалықтар