Месудийе кептірілген наны

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 03

2089442
Месудийе кептірілген наны

Месудийе кептірілген наны

Тіркелген уақыты: 22.11.2022

Түркияның Қаратеңіз жағалауында орналасқан Орду қаласына қарасты Месудийе ауданының өте ерекше әдіспен пісірілетін және қолайлы жағдайда 5 жылға дейін бұзылмайтын бір нан түрі бар.

Аймақтағы жайлау мәдениетінің нәтижесінде пайда болған «Месудийе кептірілген наны» Орду қалалық әкімшілігінің өтініші бойынша 2022 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдерінің қатарына қосылды.

Бұл сақина пішінді нанның қамырына тек бидай ұны, құрғақ ашытқы, су және тұз қолданылады. Шамамен салмағы 150 грамм болатын нанның қамыры 20 минутта ашытылады да, біраз тыныққаннан кейін сақина тәрізді етіп жайылады. Қамыр сақиналарын емен немесе қарағай ағашымен 170 градусқа дейін қыздырылған тас пеште 15 минут пісіріп, жартылай піскен күйде пештен шығарады. Нан суыған кезде оны қайтадан 15 минут пісіреді. Бұл әдіспен нандағы қажетті құрғақтыққа қол жеткізіледі. Пісіру процесінен кейін диаметрі 25-30 сантиметрге жететін нандарды толығымен кептіру үшін температурасы 50 градусқа дейін азайтылған тас пеште шамамен 5 сағат ұстайды.

Месудийе кептірілген наны пештен шығарылып, суыту үшін тағы 1 сағатқа қалдырылады және ауа өткізбейтін түрде оралып, сатылымға ұсынылады. Месудийе кептірілген нанын шамамен 5 жыл салқын және құрғақ жерде сақтауға болады.



Ұқсас жаңалықтар