Босфор бұғазы және балықшы ауылдары

Капитанның борт журналы - 38

2084882
Босфор бұғазы және балықшы ауылдары

Босфор бұғазы және балықшы ауылдары

Балықшы ауылдарын сіз де ұнатасыз ба? Жағалаудағы қайықтарды, олармен айналысып жататын балықшыларды, теңізге қарап тұратын үйлер, тұрғындары өз шаруасымен жүрген сол ауылдарды ұнатасыз ба? Теңізді ұнататын болсаңыз, осы айтылған балықшы ауылдарын да ұнататын болуыңыз керек. Міне,  бүгін сондай балықшы ауылдарына барамыз.  Қаратеңіздің Босфор бұғазына қараған Анадолы Фенері – бүгінгі алғашқы аялдамамыз.

Анадолы Фенері – бір түбекте құрылған, керемет бұғаз панорамасы бар,  жағалауда тізілген шағын үйлерімен керемет балықшы ауылы.  Анадолы Фенері бір-бірінен керемет дәмді теңіз өнімдерін жеуге болатын мейрамханалары және осы ауылға есімін берген теңіз маяғымен бізді қарсы адады.  Қаратеңізден келгендерді Босфор бұғазына шақырады.

Анадолы Фенерінен жолымызды жалғастырып, Пойразкөйге жетеміз.  Осы жер Босфор бұғазының ең тамаша ауылдарының бірі.  Қалың адамнан алыста, тыныш және үнсіз атмосферада уақыт өткізгісі келгендер үшін керемет жер.  Қазір жағалаудағы балықшы қайықтарының және ауылдың сүйкімді үйлерінің алдынан өтеміз. Осында генуэздықтардан қалған бір қамал бар.  Византия және Османды бақылауында болған Пойразкөй қамалы Қаратеңізден Босфор бұғазына өткендерді бақылауға алу және бұғаздың қауіпсіздігін қамдау үшін салынған.

Ротамызда басқа бір балықшы ауылы бар қазір.  Стамбулдың ең тыныш балықшы ауылдарының бірі Анадолы Кавагына барамыз.  «Жиһанкезді» кемежайға тастап,  ескі ағаш үйлері,  ғасырлық бәйтеректері,  кездің жауын алатын бұғаз көрінісімен Анадолы Кавагына барамыз.

Анадолы Кавагы - Босфор бұғазының ең тамаша жерлерінің бірі. Бұл ауыл Қаратеңізді Жерорта теңізімен байланыстырып тұратын сауда жолының торабында орналасқан. Тек сауда емес,  сонымен бірге қорғаныс тақырыбында да маңызды.  Себебі әрбір дәуірде Бұғазішінің қорғанысына көп мән берілген.  Осы стратегиялық тұғыры себебімен Анадолы Кавагы Византия, Генуэц және Осман мемлекеті арасында билік ауыстырып тұрған.

Қазір көрінетін Йорос қамалы қарсы алдындағы Имрос қамалымен бірге Қаратеңіз тарапынан Стамбулға кірген жерді бақылап отыру үшін салынған. Йорос қамалы жалпы Генуэц қамалы ретінде танымал. Себебі көп уақыт бойы генуэцтықтар қамалды қолында ұстап тұрады. Алайда қабырғаларында назар аударатын жазулар қамалдың Шығыс Рим империясы кезінде салынғанын көрсетеді. Қамал алаң тұрғысынан Стамбулдағы басқа қамалдардан ұлкен.  «Жиһанкезді» жағалауда қалдырып,  қамалға қарай жылжиық. ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасының уақытшы тізімінде тұрған Йорос қамалының ішкі қабырғалары әлі күнге жақсы жағдайда және едәуір назар аударады. Алайда жалғасып жатқан қазба және реставрация жұмыстарына байланысты қамалға кіруге тыйым салынған.  Сондықтан тек қамалдың қақпасына қарай барамыз және кафелердің бірінде бір шай ішіп,  бұғаздың көгілдір сун тамашалаймыз.  Осы көріністі тастап кету қиын, бірақ Анадолы Кавагы алаңында да көруге тұратын ғимараттар бар.  Назар аударатын тарихи ғимараттар арасында 500 жылдық Мидилли Али Реис мешіті мен оюларымен назар аударатын Жеврие Хатун бұлағы орын алады.

Стамбулдың ең биік екінші төбесі – Юша төбесіне барамыз енді.  Осы жер бұрыннан бері түрлі нанымдарға жататын өркениеттер тарапынан қасиетті мекен ретінде қабылданған.  Бүгінгі күні болса барлық діндегі туристердің келетін жері. Алғашқы дәуірлерде бір Зевс храмы ретінде салынғаны,  артынан шіркеуге айналдырылғаны белгілі. Стамбулда ғасырлар ішінде болған жер сілкіністері салдарынан осы ғимараттардан бүгінгі күнге ешнәрсе жетпеген. Юша төбесі есімін Муса пайғамбардың сапарларына серік болған Әзірет Юшадан алған деп айтылады. Осы төбе бұғаз барша келбетімен көрінетін керемет панорамаға ие.

Бүгін де уақыт зымырап өте шықты.  Анадолы Кавагы кемежайында тұрған қайығымызға мініп,  келесі аялдамада кездесу тілегімен сіздермен қош айтысамыз.



Ұқсас жаңалықтар