Стамбулдың екі жағасы: Азия мен Еуропа

Капитанның борт журналы - 37

2084867
Стамбулдың екі жағасы: Азия мен Еуропа

Стамбулдың екі жағасы: Азия мен Еуропа

Стамбулдың ең шығыстағы ауданы Шиледен аралап бастадық осы қәдім және керемет қаланы. Бүгін Стамбул орталыққа жақындай түсеміз.

Мажарстанның атақты сәулетшісі Карой Кош «Стамбул – қала,  кезкелген бір қала емес» деген екен.  Осы сөзімен Стамбулды баяндаудың оңай емес екенін, қысқа мерзімде аралауға да болмайтынын білдіреді.  Мыңдаған жылдық тарихы бар осы қаланы қанша уақытта аралауға болады, мен де білмейін. Стамбулды аралауға,  оны тануға бір өмір жетпейді деп айтады. Шыныменен де Стамбулды бір мерзілде аралау,  тану мүмкін емес. Біз бастайық, аралап көрелік, қаншалықты тани алар екенбіз.

Байырғы дәуір тарихшылары Стамбулды «бұғаздың патшайымы» немесе «бұғаздың інжуі» деп атайды.  Шыныменен де Стамбулдың сұлулығы аңызға айналған.  Осы сөз айтылғаннан бері ғасырлар өтсе де,  Стамбулдың сұлулығы әлі күнге айтылып келеді. Әлем көлемінде екі құрлықты қосып тұрған бірнеше қаланың бірі – Стамбул. Әрі сұлулығы,  әрі стратегиялық тұғырымен барлық дәуірдің таңдаулысы. Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан.  Осы екі маңызды құрлық арасында көпір болып тұр.  Стамбулдың Азия құрлығындағы топырақтары Анадолы жағасы немесе Азия жағы деп аталады.  Еуропадағы жерін болса әлемнің түкпір-түкпірінен келген туристер өте жақсы біледі.  Бірақ сіз де бірінші рет еститін бір нәрсе айтамын. Стамбулдағы алғашқы елді мекен Анадолы жағында құрылады. Ежелгі дәуірдің маңызды тарихшысы Геродот Византия құрылмастан бұрын Анадолы жағында бір елді мекен болғанын жазады. Геродот «Көрлер елі» деп атаған осы жер – Калдедон, яғни бүгінгі Кадыкөй. Сондықтан ең жағада да айтылуға лайықты, баяндауға татитын бір-бірінен тамаша, ерекше жерлер мен хикаялар бар. Әрине екі құрлықты байланыстырған екі жағаның ерекшеліктері де бар.  Мысалы Анадолы жағында Еуропа жағына қарағанда адам саны аздау.  Себебі Анадолы жағының тұрғын саны қарсы жаққа қарағанда екі есе аз. Сондықтан тыныш, стресі аз. Жол қатынасы да Еуропа жағасымен салыстырғанда аздау. Әйтпесе Стамбулдың жол қатынасы өте күрделі. Кептелісі көп. Оны сіз де қазір көресіз. Сондықтан жүргізілген зерттеулерде Анадолы жағында тұратын және жұмыс істейтін стамбулдықтардың тыныш және аз стресті екені ортаға шыққан.  Айырықша Еуропа жағасында құрылыс жылдам жүргендіктен жасыл жерлер аздау. Ал Анадолы жағасы орман, саябақ және жасыл алаң тұрғысынан бай. Қаладан алыстан кетпестен табиғатпен құшақтасу және демалу Анадолы жағасында тұратындар үшін жеңіл.  Мысалы Бейкоз, Үскүдар, Шиле, Агва секілді жерлерге қысқа уақытта, оның үстіне қоғамдық көліктермен жетуге болады. Айтылған осы жерлер тыныштық іздеген стамбулдықтар  тарапынан әсіресе демалыс күндері көп таңдалады.

Еуропа жағының болымсыздықтарына тоқталдым,  бірақ Еуропа жағы тарихи құндылықтарымен Анадолы жағынан асып түседі.  Стамбулдың ежелгі дәуірдегі шекарасын анықтайтын, қаланың құрылып дамығанын көрсететін аймақтың барлығы Тарихи түбек Еуропа жағында орналасқан.  Сұлтанахмет, Айя-София, Топкапы сарайы, Капалы чаршы және басқа да жерлер әрбір туристің көруі керек жерлері.

Стамбулдың екі жағасы да бір-бірінен әсем,  бір-бірінен сұлу. Екі жағаны да аралап көреміз. «Жиханкез» қайығымызбен қарсы жағаға өтіп бара жатып,  симит атты тоқашымызды шағалаларға беріп,  бұғаздың керемет көрінісіне тамсанамыз.

Түрлі діндерді,  мәдениет пен өркениетті керемет территорияда жинаған Стамбул. Даңқты тарихы,  адамға әсер қалдыратын көрінісі,  сұлу табиғаты, барлығымен адамды өзіне қайран қалдырады.  Анадолы жағасы да,  Еуропа жағасы да адамға керемет әсер береді. Адам өзін бір түстің ішінде жүргендей сезінеді. Стамбулда айтылатын көп нәрсе бар. Біздің уақытымыз шектеулі. Қайығымыздағы орныңызды, бізбен кездесетін уақытыңызды ұмытпаңыз. Тыңдаумен шектелмей, осы ертегіде бізбен бірге болыңыз.



Ұқсас жаңалықтар