2023 жылы Түркия мен энергетика әлемінің ең маңызды күн тәртібінің біріне айналды

Энергетика әлемі - 1

2082408
2023 жылы Түркия мен энергетика әлемінің ең маңызды күн тәртібінің біріне айналды

2023 жылы Түркия мен энергетика әлемінің ең маңызды күн тәртібінің біріне айналды

2023 жылы энергетика әлемі мен Түркияның ең маңызды күн тәртібінің біріне айналды. 2024 жылы да жағдай өзгермейді.

Түркия соңғы жылдары бірінен соң бірі басылған қадамдармен бір жақтан энергетикалық тәуелсіздікке қол жеткізу үшін маңызды бастамаларды қолға алса, екінші жақтан халықаралық тұрғыдан орталық ел болу мақсатына қарай қарқынды түрде жылжуда.

Еуропа Ресей-Украина соғысына байланысты күрделі энергетикалық дағдарысты бастан кешуде.

Осы тақырыптардың барлығын Түркияның үні радиосында жергілікті сағатпен 17.30-да жарияланатын «Энергетика әлемі» бағдарламасында дүйсенбі сайын сарапшы қонақтар талқылайды.

*   *   *   *

Түркия энергетика саласында қандай қадамдарды басты?

2024 жылынан не күтеді?

Алдағы кезеңде қандай қадамдар басылмақ?

Түркия барлық теңізде табиғи газ бұрғылау жұмыстарын жалғастыруда. Бірінші сатыда Қаратеңізде 710 миллиард текше метр табиғи газ резерві табылды. Жерорта теңізінің шығысында бұрғылау жұмыстары мүмкіндігінше тезірек басталады.

Оңтүстік-Шығыс Анадолы аймағында айтарлықтай мұнай қоры табылды. «Шехит Айбүке Ялчын» атты кен орнында тәулігіне 100 мың баррель мұнай өндірісі нысанаға алынып отыр. «Шехит Эсма Чевик» атты ұңғымада болса құны 12 миллиард доллар деп болжалатын 150 миллион баррель мұнай резерві ашылды.

Түркия жаңартылатын энергия саласында болса маңызды қадамдар басуда. Электр энергиясының 55 пайызы жаңартылатын ресурстарды пайдалану арқылы өндіріледі.

«Аккую» атом электр станцасының (АЭС) бірінші реакторы алдағы айларда іске қосылады деп жоспарлануда. 2028 жылы басқа реакторлар да қосылғанда жылына 35 миллиард киловатт-сағат электр қуаты өндірілетін болады.

*   *   *   *

Жаңа атом электр стансалары үшін биылғы жылы шаралар қабылдау жоспарлануда.

Дегенмен энергетикадағы жаңа жобалар тек АЭС-термен ғана шектелмейді.

Халықаралық 7 табиғи газ құбыры Түркия арқылы Еуропаға жетеді. Жаңа желілердің салынуы жоспарлануда. Сонымен қатар жақын арада қолданыстағы желілердің өткізу қабілеті кеңейтіледі.

Осының барлығын жасай отырып, мақсат – энергетикалық орталық ел тұғырына көтерілу.

Осы үшін Ресеймен тығыз ынтымақтастық жүргізілуде. Фракияда құрылатын бір энергетика орталығымен Еуропаға табиғи газдың Түркия арқылы және бір орталықтан жеткізілуі қарастырылуда. Бұл жағдай Түркияны табиғи газ бағасын анықтауда ең маңызды елдер қатарына қосады.

Түрік әлемі үшін энергетика саласында жаңа қадамдар күн тәртібінде. Әзербайжан армян басқыншылығы астындағы Қарабах жерін азат етті. Ендігі кезекте Зәңгезүр дәлізін жүзеге асыру жоспары тұр. Дәліздің жүзеге асуымен бірге Түркия мен түрік әлемі бір-бірімен үздіксіз байланысады. Бұл жағдай энергетикамен қамтамасыз ету қауіпсіздігі және серіктестіктері үшін қандай мүмкіндіктер ұсынады?

Әсіресе Әзербайжаннан кейін Түрікменстанның табиғи газын да Түркия арқылы халықаралық нарыққа шығару мүмкіндігі талқылануда.



Ұқсас жаңалықтар