​​​​​​​Тарихи Стамбул қаласының мысықтарымен де танымал екенін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 69

2080259
​​​​​​​Тарихи Стамбул қаласының мысықтарымен де танымал екенін білетін бе едіңіз?

Мыңдаған жылдық тарихы бар өркениеттерге қонақжайлық жасаған көрнекті Стамбул тарихи және мәдени құндылықтары, табиғи сұлулығымен қатар мысықтарымен де әйгілі бір қала. Дегенмен Стамбулға тән бір мысық түрі деп ойламаңыз, бұл қалада кез-келген уақытта кездестіруге болатын көшенің мысықтары туралы айтып отырмыз. Халықаралық ғылыми зерттеулер барлық мысықтардың Анадолы мен Мысырдан шыққанын көрсетеді. Анадолыда аңшы ретінде тамақтанатын мысықтар Османлы дәуірінде қала өміріне бейімделіп, Стамбулда жылдам артып отырған мысықтардың саны қалада «мысық мәдениетін» қалыптастырды. Осылайша мысықтар Стамбулда күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды.

Османлы дәуірінде көшенің жануарларын қорғап, адамдар бұл бағытта дәріптеліп, мұқтаж жандармен бірге мысық пен төбеттерге де ас берілетін болған. Тіпті көшенің жануарларын қорғап, асырау үшін қорлар құрылған. Бүгінгі күні жануарларға арналған баспана мен сол жерде жұмыс істейтін қызметкерлерге қоса мыңдаған ерікті бұл міндетті жалғастыруда.

Осман мемлекеті жануарлардың құқықтарын реттейтін алғашқы мемлекет болды. 16-ғасырда дайындалған заңдарда кәрі малды ауыр жұмыстарға тартуға тыйым салынған. Осман мемлекетінде адамдар тіпті көшенің жануарларына мұра қалдырған.

Стамбулдың мысықтарды кез-келген ауданында кездестіре аласыз. Түрлі-түсті және әр жастағы мысықтар саябақтарда, терезе төсеніштерінде, дүкеннің есігінде, бір витринада, бір кітап дүкенінің алдында, метро станциясында, паромда кездесуіңіз мүмкін. Бір кафеде шай ішіп отырғанда, тізеңізге секіріп, рахаттанып ұйықтайды.

Стамбул және бәлкім әлемдегі ең танымал мысық болса Айя-София мысығы ретінде белгілі – Гли. 2004 жылы Айя-Софияда қызметшінің кабинеті алдында дүниеге келген үш балапанның бірі Гли болатын. 2020 жылы қайтыс болғанға дейін Айя-Софияда тұрып, келушілердің назарын аударды.

Әлеуметтік желіде жүз мыңнан астам қызығушысы бар осы сүйкімді мысық, Айя-Софияның керемет архитектурасын көрсететін мыңдаған фотосуретте де орын алды.

Стамбул мысықтарымен жақынырақ танысқысы келгендерді 2016 жылы Джейда Торун түсірілген «Мысық» атты деректі фильмін көруге шақырамыз.



Ұқсас жаңалықтар