Еуразия күн тәртібі 68

Еуразия Республикаларының күн тәртібіндегі оқиғалар

2077173
Еуразия күн тәртібі 68

Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Эрсин Татар 2023 жылғы 3-5 желтоқсанда Қырғыз Республикасына алғашқы ресми сапарын жасады. Президент Татар Бішкекте Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен кездесті. Солтүстік Кипр Түрік Республикасының Президенті Қырғызстанға сапары аясында «Ата-Бейит» мемориалдық кешенін, Қырғызстан-Түркия Манас университетін және Қырғыз-түрік достық ауруханасын аралады. Қырғызстан-Түркия Манас университеті Президент Татарға құрметті доктор дәрежесін берді. Түркі мемлекеттері ұйымына бақылаушы болып табылатын Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Президентінің Әзербайжаннан кейін Қырғызстанға баруы өте маңызды оқиға болып табылады.

***

Беларусь Президенті Александр Лукашенко 2023 жылының  4 желтоқсанында Қытай Халық Республикасына барды. Бейжіңде Президент Лукашенко Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті.

***

2023 жылдың 6 желтоқсанында Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин «Su-35» әскери ұшақтарының сүйемелдеуімен Біріккен Араб Әмірліктері және Сауд Арабиясына жұмыс сапарымен барды. Осылайша Путин Ресей-Украина соғысы басталғаннан бері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдерден бөлек Қытай мен Ираннан кейін Таяу Шығыс елдеріне де барды. Путиннің араб елдеріне сапарында негізінен экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланғаны хабарланды.

***

2023 жыл 6 желтоқсанда Мәскеуде Каспий теңізімен шектесетін елдердің Сыртқы істер министрлерінің кеңесі өтті. Кездесуде өңірлік ынтымақтастық, солтүстік-оңтүстік көлік дәлізін тиімді пайдалану және Каспий теңізі мәселелері талқыланды. Кездесу аясында екіжақты кездесулер де өтті.

***

Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз 2023 жылы 6 желтоқсанда Түрікменстанға ресми сапармен барды. Джевдет Йылмаз Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовпен кездесіп, Түрікменстан-Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының 7-ші мерзімді отырысына қатысты. Сапар аясында Түркия вице-президенті Йылмаздың қатысуымен Түрікменстан-Түркия бизнес форумы өтті.

***

2023 жылы 7 желтоқсанда Бішкекте Түркі мемлекеттері ұйымының ақпараттық және коммуникациялық технологияларға жауапты министрлерінің 5-ші жиналысы өтті. Жиында «Цифрлық Жібек жолы» жобасы, электронды үкімет бастамаларын дамыту, электронды құжат алмасу сынды мәселелер талқыланды. Жиналыс соңында министрлер бірлескен декларацияға қол қойды.

***

Ресей Президенті Владимир Путин мен Иран Президенті Ибрахим Реиси 2023 жылы 7 желтоқсанда  Мәскеуде кездесті. Бес сағаттан астам уақытқа созылған кездесудің соңында Ресей-Иран қарым-қатынасының барлық саласының дамып жатқаны жарияланды.

***

Өткен аптада Әзербайжанда кезектен тыс президенттік сайлау 2024 жылдың 7 ақпанында, ал Ресей Федерациясында президент сайлауы 2024 жылдың 17 наурызында өтетіні белгілі болды. 8 желтоқсанда Владимир Путин президенттік сайлауға үміткер болатынын мәлімдеді. 17 наурызда өтетін сайлауда Путин жеңіске жетсе, 5-ші рет президент болады.

***

2023 жылы 7 желтоқсанда Әзербайжан президенттігі мен Армения премьер-министрлігі бірлескен мәлімдеме жасап, екіжақты кездесулер нәтижесінде Әзербайжан мен Армения арасындағы сенімді нығайту үшін маңызды қадамдар басу туралы келіскенін  хабарлады. Бұл мәлімдемені Екінші Қарабах соғысынан кейін Оңтүстік Кавказда бейбітшілік орнату тұрғысынан жасалған ең маңызды қадам деп бағалауға болады.



Ұқсас жаңалықтар