Түркияның ең ұзын өзенінің Қаратеңізге құйғанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 67

2074766
Түркияның ең ұзын өзенінің Қаратеңізге құйғанын білетін бе едіңіз?

Ұзындығы 1 355 шақырымды құрайтын Қызылырмак Түркияның өз шекарасынан бастау алып, өз шекарасында теңізге құятын ең ұзын өзені болып табылады. Сивас қаласының шекарасында 3000 метр биіктіктен Кайсери, Невшехир, Кыршехир, Кырыккале, Анкара, Чанкыры, Чорум, Синоп және Самсун қалаларын суарып Қаратеңізге құяды.

Атауын суының түсінен алған Қызылырмак ежелгі дәуірден бері Анадолыда құрылған көптеген өркениетке мекен болды. Осы себепті алқаптың айналасында тарихтың әр кезеңіне тиесілі жартас қабірлер, қамалдар мен көпірлер сияқты іздер кездеседі.

Қызылырмак Қаратеңізге құятын аймақта 56 мың гектарлық өзен атырауы бар. Қызылырмак өзен атырауы, Түркияның ең маңызды сулы-батпақты жерлерінің бірі. Үлкенді-кішілі көптеген көл бар Қызылырмак өзен атырауы биотүрлілік тұрғысынан үлкен құндылыққа ие. 355 өсімдік өсетін атырауда тіршілік ететін сирек кездесетін өсімдік түрлері де назар аударады. Бұл аймақта кездесетін өсімдік түрлерінің ішінде жойылып кету қаупі төніп тұрған тоғыз түрі бар.

Әлемге танымал сулы-батпақты аймақ болған Қызылырмак өзен атырауындағы лагуна көлдері, батпақтар, жағалаудағы құм төбелері және қамыстар су құстарының қоректеніп, ұя салуына қолайлы ортаны қамтамасыз етеді. Сондықтан бұл құс бақылаушылары мен фотографтар үшін таптырмас бір жұмақ болып табылады. Түркияда осы күнге дейін анықталған 465 құс түрінің 358-і осы өзен атырауда байқалған.

Қызылырмак экологиялық маңыздылығына қоса он екі бөгет және гидроэлектр стансасының арқасында Түркияның энергия өндірісінде де үлкен мәнге ие.

 



Ұқсас жаңалықтар