Кожаели

Капитанның борт журналы - 31

2071592
Кожаели

Кожаели

Артымызда көбік тастап Қаратеңізде сапарымызды жалғастырамыз.  Бүгінгі ротамыз – Кожаели. Кожаели шырша ормандарымен қапталған тіп-тік бөктерлері,  бөктерлердегі ағаштан салынған үйлері және жайлауларымен  Қаратеңіз аймағын еске түсірсе де, Мәрмәр аймағында орналасқан.  Оның үстіне Стамбулға өте жақын және сондықтан келушілер көп. Әсіресе демалыс күндері демалу үшін келетіндер саны артады.  Осы жерді жаз маусымында бір күн үшін пикникке келетіндер,  күзде және қыс айларында лагерь құрып,  мотоцикл айдайтындар таңдайды.

 

Сакариядан Кожаелиге қарай бара жатқанда аялдайтын бірінші жер – Узункум табиғат саябағы.  Осы жер бір жағы теңіз,  бір жағы орман, керемет жер.  Бір фильм сахнасына кіріп кеткендей боласыз. Құрлықтан келгісі келетіндер барлық жерде жүре беретін мықты көлік таңдауы керек.  Себебі қатынас өте қиын.  Сондықтан көп келушісі жоқ. Бірақ біз үшін қиын емес, себебі біз қайықпен барамыз.  Табиғатта уақыт өткізу, пляжда серуендеу немесе шатыр құрып,  тыныш жерде күннің атуын тамашалау керемет емес пе?

Осы жерден қарағанда,  тап қарсы алдыңызда көрінетін арал – Кефкен аралы.  Қаратеңізде ірілі-ұсақты аралдар болса да, осы аралдарда адам өмір сүрмейді.  Қарсы алдыңыздағы Кефкен аралы Қаратеңіздегі үстінде адам өмір сүретін жалғыз арал ретінде танымал. Аралға он минутта жетуге болады.  Енді ротамызды Кефкен аралына бұрайық.  Эллиндік,  Рим және Византия дәуірлерінен қалған қорған және су қоймаларының қалдықтары бар. Кефкен аралы көшпелі құстардың жолында болғандықтан құс бақылаушыларының да таңдаулы жері.  Аралға келдік, енде қайтадан қарсы жағалауға кетеміз. Мөп-мөлдір суы және майда құмды пляжымен Көгілдір байрақ критериясыне ие Жебежи бар алдымызда. Сіздер де білесіздер,  Көгілдір байрақ әрі пляждың, әрі теңіздің тазалығын көрсетеді. Қаласаңыз осы әсем пляжда теңіздің және құмның сұлулығына құмарыңызды қандырыңыз,  қаласаңыз балық аулаңыз,  қаласаңыз артында орман тұрған осы керемет жерде серуенге шығыңыз. Осы жерде істеуге болатын көп нәрсе бар.  Бірақ уақытыңыздың барлығын осында өткізбейсіз.  Себебі Кефкенде міндетті түрде көруге тұратын бір жер бар. Қызғылт жартастар.  Тарихтан бұрынғы дәуірлерден бүгінгі күнге жеткен, өзгеше көрінісімен назар аударатын жер осы жер.  Бұл жер ежелгі дәуірден бастап тас кені ретінде қолданылған.  Себебі тастардың осындай түрлі түсі сәулетте ерекше орын алады және таңдалады.  Оның үстіне судың ішіндегі жұмсақ жартастар шығарылғаннан кейін қатаяды.  Яғни оларды кесу үшін көп күш керек емес.  Сондықтан ғасырлар бойы осы жерлер кемелер арқылы тас тасылған.  Жартастар Османлы кезінде Сұлтанахмет мешіті мен Румели қорғанының құрылысында қолданылады.

Осыған ұқсас тас аз кездесетін Қызғылт жартастардың түсі күн батқан кезде одан сайын айқындала түседі.  Бір-бірінен керемет сурет түсіргісі келетіндер «Жихангездің» кемежай жағына келіңіздер.

Осы жерден Керпеге барамыз.  Керпенің маңызды ерекшелігі Түркияның Қаратеңіз жағалауынан жүргізілген түңғыш ғылыми су асты қазбаларының осында болуы.

Керпе де Кефкен секілді Көгілдір байрағымен атақты.  Серфинг жасауға да ыңғайлы теңіз осы жақта.  Алайда ағынды суға көңіл бөлу керек,  ескертпелерге бағыну қажет. Себебі бұдан бұрын да көп айтылғандай Қаратеңіз өте қауіпті теңіз.

Керпенің ең шет жағында Бүркіт жартастар бар.  Толқындар мыңдаған жыл бойы пішін берген осы табиғат кереметі көрінісімен назар аударады.  Келушілеріне күн батарда керемет фотосурет мүмкіндігін ұсынады.

Бүгін де уақыт су секілді ағып кетті.  Біз Кожаленің жағалауынан ішке қарай жылжи алмадық. Ал осы қалада көруге болатын жайлау, сайлар мен керемет сарқырамалар бар. Осы жерге дейін келген кезде осы сұлулықтарды көрмей кетуге болмайды. Келесі аптада Кожаелін қалған жерден аралауымызды жалғастырамыз.



Ұқсас жаңалықтар