Италияның «ақылды аралы» Жерорта теңізіне үлгі болады

Ең қызықты деректер - 55

2068424
Италияның «ақылды аралы» Жерорта теңізіне үлгі болады

Италияның «ақылды аралы» Жерорта теңізіне үлгі болады

 Электр мұқтаждығы толығымен жаңаланатын энергиямен қамдалатын, жаңбыр суы жиналатын, органикалық егіншілік пен балық шаруашылығы жүріп тұрған Капрая аралы Жерорта теңізіндегі басқа аралдарға үлгі болады.

**

Италияның Тоскана аймағындағы электр толығымен жаңалатын электрмен қамдалатын, жаңбыр суы жиналатын, органикалық егіншілік пен балық шаруашылығы жүріп тұрған Капрая аралы Жерорта теңізіндегі басқа аралдарға үлгі болады.

Құрлыққа 30 км қашықтықтағы аралда басталған «Ақылды арал Капрая» жобасы шеңберінде арал тұрғындары

 - өз электрлерін жаңалатын энергия көздерінен алып отыр.

- егіншілік пен үйде қолдану үшін жаңбыр суын жинайды.

- аралда егіншілік пен балық шаруашылығын органикалық түрде жүзеге асыруда.

Құрлықтан өте алыс болғаны себепті көп уақыт бойы тұтқындар жіберілген және егіншілікте жұмыс істеген бір ашық түрме түрінде қолданылған арал 1986 жылы келушілерге ашылды.

Аралға құрлықтан келетін электр жүйесі болмағандықтан осы тапшылықты артықшылыққа айналдырғысы келген арал тұрғындары энергия мұқтаждығын жаңаланатын ресурстардан алу үшін қадам басты. Осы мақсатпен аралда Солтүстік Еуропадан жеткізілген майлы тұқым өсімдіктерінен биодизель шығарып, оны энергияға айналдырады. Аралдың түрлі жерлеріне де күн панельдері орналастырылды.

Аралда барлық әлеуеті 126 мың текше метр болып табылатын тарихи екі су қоймасы жаңбыр суын жинауда қолданылады.

Ақылды аралда өнеркәсіптік базалар алыс болғандықтан,  балық өндіруде дәрілер қолданылмағандықтан Еуропа Одағынан органикалық сертификаты бар.

«Ақылды арал Капрая» жобасы Еуропа Комиссиясы тарапынан экономикада үлгі болғандықтан сыйлыққа лайықты деп табылды. Арал тұрғындары 1980-90 жылдары арал ашылғанда осында жүргізілген инвестицияларға қарсы шығып,  аралдың табиғаты мен биотүрлілігін қорғап қалған еді.  Енді аралда түрлі балықтардың бар екені байқалды.

Дереккөз: AA 



Ұқсас жаңалықтар