Иммундық жүйені нығайтатын тағамдар

«Денсаулық зор байлық» - 63

2063504
Иммундық жүйені нығайтатын тағамдар

Салқын ауарайын әбден сезіне бастаған қыс мезгілінде суық тию, тұмау сияқты жоғарғы тыныс жолы ауруы көбейеді. Иммундық жүйені күшейтетін тағамдар дастарханымызда болу керек.

1. Апельсин

Апельсин – құрамындағы С және А дәрумендері арқасында қыста иммундық жүйені қолдайтын ең маңызды тағамдардың бірі. Дегенмен апельсин шырынының орнына апельсиннің өзін тұтынуға тырысыңыз. Бұл талшық пен қантты тұтыну тұрғысынан пайдалы таңдау.

2. Шпинат

Шпинат құрамындағы дәрумендердің арқасында жасушаларымызды қорғайды және иммундық жүйеміздің әлсіреуіне жол бермейді. С дәрумені әсіресе А дәруменінің пайдалануын арттырады. Күшті иммундық жүйе үшін аптасына екі рет шпинат жеуді ұмытпаңыз. Дегенмен А дәруменінің тиімді болуы үшін шпинатты қайнатпай, май қосып жасалған көкөніс тағамы ретінде тұтыныңыз.

3. Балық

Балық – әрі ақуыз, әрі селен мен мырыштың жақсы көзі. Ағзадан ауру тудыратын қосылыстарды шығарып тастауға ықпал ететін Омега 3 көбінесе лосось, скумбрия және тунецте кездеседі. Аптасына 2-3 рет балық тұтынуды ұмытпаңыз.

4. Ақжелкен

Ақжелкен - ағзаны инфекциялардан қорғайтын С дәруменіне бай тағам. Ақжелкеннің денедегі ісінуді кетіруге де әсері бар.

5. Жұмыртқа

Жұмыртқаның ағы - ақуызға бай тағам. Сарысында болса әрі темір, әрі жақсы антиоксидант болып табылатын А дәрумені бар.

6. Бадам-жаңғақ

Бадам мен жаңғақ құрамында антиоксиданттық қасиеті ретінде Е дәрумені бар. Осы қасиеттердің арқасында иммунитетті қорғауда маңызды рөл атқарады. Иммундық жүйені нығайту үшін күн сайын 2 жаңғақ немесе 10 шикі бадам жеу пайдалы.

7. Йогурт

Күн сайын 1 кесе йогурт жеу керек. Сіз ішетін сүт мөлшеріне байланысты тұтынуды тағы 1 кесеге арттыруға болады.

Иммундық жүйені нығайтудың жолдары

• Ұйқы режиміне назар аудару керек.

• Әрекетсіз өмір салтынан аулақ болып, үнемі жаттығулар жасау керек.

• Сұйықтықты көп тұтынуыңыз керек.

• Шамадан тыс күйзелістен аулақ болу керек немесе стресті басқару үшін қажет болса, маманның көмегіне жүгіну керек.

• Лайықты салмақты сақтау немесе оған жету маңызды.

• Алкоголь, темекі шегу сияқты зиянды әдеттерден аулақ болу керек.

• Қол және ауыз қуысының гигиенасын ескеру қажет.

• Теңгерімді және жеткілікті тамақтану ережелерін сақтау керек. Әрбір тағам қажетті мөлшерде және теңгерімді түрде тұтынылу керек.

Иммунитетті күшейтетін шайлар

Денедегі иммундық белсенділікке оң әсер ететін шөптік қоректік заттардан пайдаланудың ең оңай жолдарының бірі - шай.

Көк шай: Көк шайдың құрамында иммундық жүйені қолдайтын белсенді ингредиент бар.

Зімбір шайы: Иммундық жүйеге жағымды әсер етеді.

Шалфей: Шалфей әсіресе суық тиюмен ауыратын адамдарда тамақ ауруын жеңілдетуге көмектеседі. Шалфей құрамындағы қабынуды азайтатын қосылыстар бадамша бездері мен тамақтағы ісіну, қызару және ауырсыну шағымдарын жақсартуға ықпал етеді.

Иммунитетті қолдайтын қоспалар

С дәрумені: Күнделікті өмірлік әрекеттер мен тамақтану әдеттерінің нәтижесінде С дәруменінің күнделікті қажеттілігі қамтамасыз етілмеуі мүмкін. Құрамында С дәрумені бар қоспалар бұл қажеттілікті қанағаттандыруға көмектеседі.

D дәрумені: D дәруменінің төмен деңгейі инфекцияның қаупін тудырады. Әсіресе қыс айларында және жеткілікті күн сәулесінен пайдалана алмайтын адамдарда байқалатын бұл дәруменнің жетіспеушілігі қоспалар арқасында шешілетін мәселеге айналады.

В6 дәрумені: Иммундық реакцияларда В6 дәрумені маңызды рөл атқарады. Ғылыми зерттеулер В6 дәрумені тапшылығының нәтижесінде иммундық жүйенің әлсіреуі мүмкін екенін көрсетеді.

Қара ақжелкен: «Sambucus nigra» деп аталатын қара ақжелкен өсімдігінен алынған сығынды иммундық жүйені қолдайды. Сонымен қатар ол суық тию және тұмау сияқты тыныс жолы ауруларының белгілерін жеңілдетуге көмектеседі.

Рейши саңырауқұлағы: Дәстүрлі медицинада көне тарихы бар бұл саңырауқұлақ өкпе аурулары және басқа да инфекцияларда қолданылатын өсімдік.

Қандай тағамдардан аулақ болуымыз керек?

Сондай-ақ күшті иммундық жүйе үшін келесі тағамдардан мүмкіндігінше аулақ болу немесе оларды аз мөлшерде тұтыну маңызды.

• Құрамында тазартылған қант бар тағамдар,

• Транс майлар (қуырылған тағамдар, фастфуд, дайын торттар және т.б.),

• Пакетті өңделген тағамдар (шоколад және чипсы сияқты оралған тағамдар),

• Өңделген ет (салам, шұжық, т.б.)

• Құрамында глютені бар тағамдар (бидай ұны, лаваш, нан)

Дайындаған дәрігер Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар