100 жасың құтты болсын, Түркия!

Халықаралық бейбітшілікке, ұйымшылдыққа, өркендеу мен дамуға қосқан үлесімен Түркия Республикасы мәңгі жасай береді.

2056954
100 жасың құтты болсын, Түркия!

Түркия Республикасы 100 жыл бұрын бүгін Мұстафа Кемал Ататүрік және қарулас жолдастары тарапынан шайқалмас іргетас үстінде құрылды. 

Республиканың сәулетшілері тамырлы түрік ұлтының білім беруден өнерге,  ғылымнан спортқа дейін көптеген салада атқарған істері және бұдан кейін қол жеткізілетін жетістіктеріне деген сеніммен жаңа буын қалыптастарды. Бұл буын дүние жүзінің ортақ құндылықтарына үлес қоса отырып, жаһандық мәдениетте із қалдырып, мұраны жалғастыра бермек.

Осы ғасырда толыққанды кемел бір ел ретінде ғылым мен технологияда,  мәдениет пен өнерде,  білім беру саласы мен өнеркәсіп секторында өз мақсаттарына қол жеткізген Түркия Республикасы жаңа мақсатармен алға жылжи береді.

Түркияның жаңа ғасыры одан да мықты басталады. Түрік ұлты сенімді қадамдармен алға жылжуын жалғастырады және елдің әлем аренасындағы мызғымас орнын және маңызын айқындай түседі. Халықаралық бейбітшілікке, ұйымшылдыққа, өркендеу мен дамуға қосқан үлесімен Түркия Республикасы мәңгі жасай береді.

100 жасың құтты болсын, Түркия!

 



Ұқсас жаңалықтар