Гипиидегі Прусиада ежелгі қаласы

Капитанның борт журналы - 28

2050573
Гипиидегі Прусиада ежелгі қаласы

Гипиидегі Прусиада ежелгі қаласы

Ежелгі әлемнің көркем қаласы Эфеске барып, оны көргендер бар шығар. Біз де уақыты келгенде осы керемет қалаға барамыз.  Бірақ Қаратеңіздегі сапарымызды жалғастырамыз.  Ал неге Эфес туралы айттым? Себебі бүгін «Батыс Қаратеңіздің Эфесі» деп аталған бір жер бар ротамызда. Дүзжедегі Прусиада-на-Гипии, яғни Гипиидегі Прусиада ежелгі қаласы. Теңіз жағасынан ішке қарай орналасқан бұл жер. Сондықтан қайығымыз «Жиханкезді» портта қалдырамыз және жағадан ішке қарай жылжимыз. Қайығымызды бір кездердің портты қаласы Диаполиске қалдырамыз.  Бүгін бұл жер Акчакожа деген атпен аталады. Енді зәкір тастаймыз және сапарымызды Акчакожадан бастаймыз.

**

Дүзженің бір ауданы  болып табылатын Акчакожа Түркияда «жүретін көлікті үй» туризмі басталған жерлердің бірі.  Көгілдір байрақты жағажайлары табиғи сұлулықтарымен бүгін де әлі дөңгелекті үйлерге арналған лагерьлер үшін таптырмас мекен. Бұл жер Рим кезінде Қаратеңіздегі маңызды портты  қалалардың бірі болған. Ол кездегі аты – Диаполис. Өкінішке орай бұл жерде Рим дәуірінен бүгінгі күнге жеткен бір ғимарат жоқ. Тек генуэздықтар кезінде салынған шамамен 8 ғасырлық бір қамал бар.  Бұл қамал Анадолы жағалауындағы маңызды Генуэц қамалдарының бірі.  Генуэцдықтар Қаратеңіздегі кемелерінің қауіпсіздігін қамдау үшін салған осы жерді. Кресті жорықтар кезінде Византия империясы қамалды бақылау қамалы ретінде қолданған.  Генуэц қамалы бүгінгі күні ЮНЕСКО Әлемдік мұрасының уақытша тізімінде. Келің, енді бірге осы Генуэц қамалына баралық. Міне,  алдарыңызда қабырғалары және су қоймасымен 8 ғасырлық Генуэц қамалы!

Енді қаратеңіздің Эфесі ретінде танымал Прусиада-на-Гипии қаласына қарай жолға шығамыз. Қаланың бүгінгі аты – Конуралп. Тарихы бұдан 2300 жыл бұрынғыға дейін барады.  Ежелгі қала Рим армиясының шығыс жорықтарында қолданған жолы бойында.  Яғни Прусиада-на-Гипии қаласы сол кезде шығыс пен батыс арасында маңызды жерге орналасқан.  Теңізге байланысын да жоғарыда айтылған ежелгі Диаполис қаласы арқылы қамдаған.

Прусиада-на-Гипии ежелгі қаласы Қаратеңіз аймағындағы құламай қалған ең жақсы театрға мекен. Ежелгі қалада табылған құжаттарда су аркалары, агора, монша секілді көптеген маңызды мемориалды ғимарат болғаны жазылған.  Сондықтан ежелгі қалада ауқымды және мұқият қазбалар жүргізілуде. Осындағы сапарымызды ежелгі театрдан басталық.  Эллиндік дәуірде салынған және Рим дәуірінде қосымшалар салынған театр екі дәуірдің ерекшеліктеріне де ие.  Сондықтан маңызды өткел театрларының бірі ретінде қабылданады. Шамамен 10 мың адам сыятын театрдың сахнаның арқа қабырғасы, сахнаның бір бөлімі, отыратын жерлерінің бір бөлімі бүгінгі күнге жеткен. Прусиада-на-Гипии ежелгі қала театры шеберлігі, көркем сахна ғимараты және өрге сай салынған жарты шеңбер пішіндегі көрермен бөлімімен мамандар тарапынан Эфес және Аспендос театрларына ұқсатылады.  Театрдың қабырғаларындағы гүл мотифтері ежелгі театрдың спорттық жарыстар және гладиатор байқаулары үшін қолданылғанын көрсетеді.

Археологтар қаланың экономикалық жағдайының жақсы болғанын және оның сәулет өнерінде көрсеткенін айтады. Прусиада-на-Гипии қаласы  - Атты қақпа, Рим көпірі, моншалары, агорасы, көптеген мүсіні, керемет мозайкасымен керемет қала. Лирін тартып, табиғатты қимылдатқан, жабайы жануарларды тынышталдыратын мифологиялық бір қаһарман – Орфей.  Орфей мозайкасының орталығында лир тартқан Орфей,  төңірегінде маусымдар мен жануар суреттері бар.  Рим дәуірі вилласында табылған осы керемет еден мозайкасы қазір Конуралп мұражайында көрмеде тұр.

**

Қаратеңіздің ең жақсы сақталған ежелгі театры бар және қазбалар аяқталғанда Эфес ежелгі қаласымен жарысатын Прусиада-на-Гипии ежелгі қаласын және оның бір кездері теңізбен байланысын қамдаған Диаполис, яғни Акчакожаға бардық бүгін.  Тосын сыйға толы бір жағалау қаласында кездескенше сау болыңыздар.



Ұқсас жаңалықтар