Балыкесир қаласында ірімшіктің ондаған сорты өндірілетінін білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 53

2032677
Балыкесир қаласында ірімшіктің ондаған сорты өндірілетінін білетін бе едіңіз?

Түркияның Балыкесир қаласында ірімшіктің ондаған сорты өндірілетінін білетін бе едіңіз?

Көптеген мәдениетте дастарханның таптырмас дәмі болып табылатын ірімшіктің тарихы біздің дәуірімізге дейінгі 5000 жылдан басталады. Таяу Шығыс пен Еуропадан шыққаны болжалған ірімшік Түркияда да кеңінен тұтынылатын тағамның түрі. Анадолының әр аймағында әртүрлі ірімшік өндіріледі. Мәдени тұрғыдан қорғалған және экономикалық құндылық ретінде қолдау тапқан ірімшіктер Түркияда 1995 жылдан бері «географиялық белгінің» қорғауымен дамып келеді.

Түркияның ірімшік өндірісі тұрғысынан ең бай орындардың бірі – Балыкесир аймағы.

Балыкесирдің құнарлы жерлері, Мәрмәр мен Эгей теңіздеріне дейін жағалауы бар. Оның географиялық және климаттық артықшылықтары қаланың барлық аудандарында бай мәдениеттер мен дәстүрлерді қалыптастыруға мүмкіндік берді. Өңірге қоныстанған көшпелілер, татарлар, босниялықтар, албандар, грузиндер, черкестер сияқты мал шаруашылығын білетін халықтың ықпалымен мұнда сүт өндірісі жоғары және экономикалық құндылығы болған ірімшіктің алуан түрі бар.

Тек осы өңірде ірімшіктің 50-ге жуық түрі тіркелген. Түркияның ірімшік жұмағы ретінде белгілі Балыкесир күніне екі мың екі жүз тонна сүт өндірісімен Түркияның алғашқы үш қаласы арасында орын алады. Балыкесирдегі ірі қара мен ұсақ мал жайылымда табиғи әдістермен азықтандырылғандықтан осында өндірілетін ірімшіктер дәмді болады.

Балыкесирдің кейбір ірімшік сорттары бренд мәртебесіне ие болғанымен, олардың көпшілігі ауылдық жерлерде және үй жағдайында өндірілгендіктен танылмайды. Осы дәмдерді ілгерілету үшін екі жылдық зерттеуден кейін жергілікті ірімшікке арналған «50 ірімшік қаласы Балыкесир» атты кітап дайындалды.

Балыкесирдегі ірімшік сорттарының хикаясы, тарихы және өндірісі баяндалған кітапта жойылу алдында тұрған ірімшік түрлері де орын алады. «50 ірімшік қаласы Балыкесир» кітабы ЮНЕСКО гастрономия саласында «шығармашылық қала» даңқын алып, Қытайдың Макао қаласында 2019 жылы ұйымдастырылған халықаралық «Gourmand Cookbook Award» байқауында Түркияны таныстырды.

Беррин Бал Онур және Неше Аксой Бибер дайындаған кітап «ірімшік пен сүт» аталымы бойынша Германия, Канада және  Франция сияқты финалға көтерілген 12 елді артта қалдырып, «әлемнің үздігі» атанды.



Ұқсас жаңалықтар