Кыршехир бәліші

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 49

2024984
Кыршехир бәліші

                Тіркелу уақыты:  01.12.2017

                Түркияның Ішкі Анадолы аймағындағы Кыршехир қаласы адам баласына қоныс ретінде Хетт Империясына созылған тарихқа ие. Анадолының орталығына орналасқан және көптеген аймақтық ерекшеліктерге ие Кыршехир өзгеше жасау процесі бар «Кыршехир бәліші» атты тағаммен де танымал. 2017 жылы Ахилер Өркендеу агенттігінің өтініші бойынша Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері қатарына енген «Кыршехир бәліші» үшін тауық етін қолданады. Тағамды жасауда алдымен тауық еті бір қазанда қайнатылып, суы сүзіледі. Тоғаға екі шыны ұн салып, жарты қасық сұйық маймен ұн қызарғанға дейін қуырылады. Қуырылған ұн суыған кезде  8 шыны тауық сорпасы ұнға аздап құйылып, ұн қоймалжың күйге келеді, үстіне тұз бен қызанақ езбесін қосып, қою болғанға дейін пісіреді. Осы кезде қамырдың түйіршіктенбеуіне көңіл бөліңіз. Қамыр піскен соң жалпақ табаққа салынады да үстіне алдын ала пісіріліп, туралып дайындалған тауық еті қосылады. Тағамды дәмдендіру үшін қызартылған сарымайға қызыл бұрыш себіліп, қонаққа ұсынылады.



Ұқсас жаңалықтар