Түркияда 20 жылдан бері балет фестивалі өтіп жатқанын білетін бе едіңіз?

Бұларды білетін бе едіңіз? - 48

2017878
Түркияда 20 жылдан бері балет фестивалі өтіп жатқанын білетін бе едіңіз?

Түркияның ең маңызды туризм орталықтарының бірі Бодрумда 20 жылдан бері балет фестивалі өтіп жатқанын білесіз бе?

Биыл 20-шы рет ұйымдастырылған Халықаралық Бодрум балет фестивалі Түркияның алғашқы және жалғыз балет фестивалі болып табылады. Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Мемлекеттік опера және балет бас дирекциясы тарапынан Бодрум муниципалитетінің қатысуымен ұйымдастырылады. Фестиваль жыл сайын тамыз айында Бодрумның символы болып табылатын және бүгінде Су асты археология мұражайы ретінде пайдаланылатын Бодрум қорғанының солтүстік арығы сахнасында өткізіледі.

Мемлекеттік опера және балет бас дирекциясы өзінің көркемдік сапасына, бай репертуарына, ұлттық және халықаралық өнер аренасындағы жетістіктеріне сүйене отырып, 2003 жылдан бері бұл фестивальді жыл сайын үзіліссіз үлкен сүйіспеншілік және тәртіппен ұйымдастырып келеді. Өнердің ең талғампаз көріністерінің бірі ретінде балеттің осындай тарихи бір ортада Бодрумның әйгілі мандариннің хош иісімен өз көрермендерін қарсы алуы керемет бір тәжірибе. Әлемде өте сирек кездесетін, Түркияда болса жалғыз болған бұл фестиваль Бодрумның абыройын арттырып, жылдан жылға үлкен қызығушылық және толғаныспен тамашаланып келеді. Көптеген ел мен әртүрлі мәдениеттердің өнер сүйер қауымы бұл фестивальде Түркия мен әлемнің көрнекті балет және заманауи би туындыларымен танысады.

Мемлекеттік опера және балет бас дирекциясы Халықаралық Бодрум балет фестивалін қоспағанда Түркияның басқа да маңызды туристік орталықтарында ұйымдастырған фестивальдерімен тарихи орындарда көптеген елден өнер сүйер қауымға жоғары көркемдік сапада шаралар ұсынады. Бұлар – Стамбулда, Эфес Ежелгі қаласы мен Анталиядағы Аспендос антиквариат театрында өткізілген опера және балет фестивальдері...

Бұл маңызды халықаралық фестиваль әлемдік өркениеттің бастау нүктесі болып табылатын Анадолы жеріне жаңа құндылықтар қосады.



Ұқсас жаңалықтар