Жәннат (Трабзон/Шығыс) құрмасының пайдалары

«Денсаулық зор байлық» - 47

2015145
Жәннат (Трабзон/Шығыс) құрмасының пайдалары

Жәннат құрмасы деген не?

Түркияда көбіне «Трабзон құрмасы» деп белгілі бұл жемістің «жапон құрмасы», «шығыс құрмасы/Жерорта теңізі құрмасы» сияқты атаулары да бар.

Трабзон құрмасы әрқайсысы денсаулыққа маңызды пайда әкелетін дәрумендер, минералдар және антиоксиданттарға бай. Мысалы С дәрумені иммундық жүйені қолдауға және жүрек ауруына қарсы қорғауға көмектеседі. Кептірілген жәннат құрмасы мен жаңа піскеннің денсаулыққа пайдасы бірдей болып табылады. Бұл жемісті таза немесе кептірілгеніне қарамастан қалыпты мөлшерде тұтынған жөн.

Жәннат құрмасының жүздеген түрі бар және оны күзгі маусымда жинайды. Қыстың басына дейін дүкендердің сөресін безендірген жеміс шикі және қатты түрінде сары, пісіп жатқанда жұмсарып, апельсин түске ие болады. Трабзон құрмасы сонымен қатар көмірсуларды қорытуды бәсеңдететін және қандағы қанттың бірден жоғарылауын болдырмайтын еритін диеталық талшықтарға да бай болып табылады.

1. Иммундық жүйені күшейтеді

С дәрумені қоймасы жәннат құрмасы ақ қан жасушаларының өндірісін арттыру арқылы иммундық жүйені қолдайды. С дәруменінің күнделікті қажеттілігін қамтамасыз ету үшін 1 жәннат құрмасын жеу жеткілікті.

2. Көз денсаулығын қорғайды

А дәрумені көз денсаулығы үшін маңызды бір дәрумен болып табылады. А дәрумені қасаң қабықты және көздің мимен байланысын қорғайды. Жәннат құрмасының құрамында мол А дәрумені бар. Жәннат құрмасының 1 данасы күнделікті А дәрумені қажеттілігінің жартысынан астамын қамтамасыз етеді. Трабзон құрмасы көз денсаулығыңызды жақсартуға көмектеседі. Сонымен қатар құрманың қабығы көз ауруларынан қорғайтын ерекшелігі болған лютеинге де бай болып табылады.

3. Асқорыту жүйесінің досы

Жәннат құрмасының құрамында В6 дәрумені бар. Іштің желденуі, кебуі және іш қату туралы шағымдарыңыз үшін пайдалы. Сонымен қатар жәннат құрмасының құрамындағы талшықтар ішектің дұрыс жұмыс істеуі үшін флораны теңестіруге көмектеседі.

4. Жүрек ауруларына қарсы тиімді

Антиоксиданттарға бай жәннат құрмасын тұтыну созылмалы аурулардың қаупін азайтуға көмектеседі. Бұл қандағы жаман холестерин деңгейінің төмендетілуінде тиімді. Құрма қан тамырларын таза ұстауға және жүрек ауруы қаупін азайтуға көмектеседі. Атеросклерозда тиімді.

5. Қатерлі ісікке қарсы қасиеттерін көрсетеді

Трабзон құрмасы ісіктің алдын алуда маңызды рөл атқарады. Өкпе және ішек қатерлі ісігінің қаупін азайтуда тиімді деп қабылданады. Трабзон құрмасы қанның ұюына көмектесетін марганецке қоса, А және С дәрумендерінің керемет көзі болып табылады. Сондай-ақ қатерлі ісік пен инсультке қоса, көптеген ауыр денсаулық жағдайының қаупін азайтуға көмектесетін басқа антиоксиданттарға ие.

6. Қант диабетінен қорғайды

Жәннат құрмасының құрамында диабетке қарсы қасиеттер көрсететін белсенді ингредиенттер бар. Дегенмен жәннат құрмасы қант диабетінен қорғаса да, құрамында қанттың жоғары болуына байланысты оны қалыпты мөлшерде тұтыну керек.

7. Теріні жақсартады

Жәннат құрмасы қартаю кезінде пайда болатын әжімдердің кешігуіне көмектеседі.

8. Жүктілік кезінде де тұтынуға болады

Жүктілік диетасына жәннат құрмасын қосуға болады. Жүктілік кезінде құрманың әрі балаға, әрі анаға пайдасы көп. Жәннат құрмасы құрамындағы кальций мен фосфор сияқты минералдар нәрестенің сүйектерін дамытуға көмектеседі. Темір болса анада пайда болуы ықтимал анемия қаупінің алдын алуға жақсы.

Жүктілік кезінде көбірек қажет болатын фолий қышқылы жәннат құрмасының күшті тағамдық құндылықтарының бірі ғана. Құрманың пайдасы жүктілік кезінде бұл тағамды тұтынудың себебі болып табылады. Дегенмен құрманы диетаңызға қосар алдында дәрігеріңізбен тағы бір ақылдасқаныңыз жөн болар.

9. Қант диабетінің ұзақ мерзімді асқыну қаупін азайтады

Трабзон құрмасының қабығы қант диабетіне қарсы және антиоксиданттық қасиеттері бар белсенді ингредиенттерді қамтиды. Қант диабетінен туындайтын ұзақ мерзімді асқынуға қарсы тиімді.

10. Қабынуды азайтуға көмектеседі

Трабзон құрмасы күшті антиоксидант болған С дәруменінің де тамаша көзі. С дәрумені жасушаларды бос радикалдардың әсерінен зақымданудан қорғауға көмектеседі және денедегі қабынумен күреседі.

11. Буындардың денсаулығын жақсартады

Денедегі қабынуды азайтқаны үшін буын денсаулығына оң әсер етеді. Сонымен қатар буын ауруынан қорғайды. Қабынуды азайтуға келгенде жәннат құрмасы тиімді.



Ұқсас жаңалықтар