15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні

Бүгін 15 шілде.

1853102
15 шілде Демократия және Ұлттық бірлік күні

 

Алты жыл бұрын осы күні Түркия опасыз төңкеріс бастамасымен бетпе-бет қалды.  ФЕТО атты террорлық ұйым Түрік Қарулы күштеріне дендеп енген мүшелерін қолдану арқылы мемлекетімізге және құндылықтарымызға қарсы опасыз шабуыл бастады.

Президенттік кешен мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісін бомбалады.  Түркия Телерадио корпорациясы секілді көптеген мемлекеттік органды төңкерісшілер басып алуға тырысты.

Анкара және Стамбул аспанында әскери ұшақ ұшырып,  көшелерге танк шығарды.

Бұл жағдайға халқымыз қарап қалмады әрине.

Мыңдаған азамат президенттің де шақыруымен төңкеріс бастамасының алдын алу үшін қала орталықтарына, көшеге шықты. Жанын пида қылып, танктердің алдына шықты. Тікұшақтардан атылған оққа қарсы тойтарыс берді. Бұрын соңды кездеспеген тойтарыс көрсетіп,  отанын, мемлекетін, демократиясын қорғап қалды.

Халықтың да табандылығымен мемлекетіміз төңкеріс әрекетін тоқтатты.  Осы жолда 251 азамат шейіт болды.  Жүздеген адам ардагер атанды.

15 шілде күні демократия жеңісінің символына айналды, «Демократия және Ұлттық бірлік күні» деп жарияланды.

Шейіт пен ардагерлерімізді құрметпен еске саламыз.

 



Ұқсас жаңалықтар