Табиғи сұлулықтарымен Самсун

Капитанның борт журналы - 14

2008446
Табиғи сұлулықтарымен Самсун

Табиғи сұлулықтарымен Самсун

«Жихангездің» құрметті жолаушылары.  Қаратеңіз аймағындағы ең байырғы елді мекен ретінде танымал Самсундамыз бүгін.

Самсун стратегиялық тұғыры арқасында ғасырлардан бері Қаратеңіздің Анадолыға ашылған қақпасы болған.  Тарихы Тас дәуіріне немесе басқаша айтқанда палеолитикалық дәуірге дейін барады. Тіпті аймақта жүргізілген қазбаларда біздің дәуірімізден 60 мың жыл бұрын адамдардың осында қоныс тепкені анықталған.  Себебі аймаққа нәр берген, өте маңызды өзен Кызылырмак осы жерден өтеді.  Шығымды дала, климат және бай кен ресурстары әрбір дәуірде адамдардың Самсун және оның төңірегіне қоныс тебуінде маңызды рол ойнаған.  Қалада хетт, парсы,  понтус,  Рим, Византия және Османдықтан билігі болған.

Хеттер кезіне тән жәдігерлер табылған Теккекөй үңгірлерінен бастайыз бүгінгі сапарымызды.  Теккекөй үңгірлерінің орналасқан алқап 60 мың жылдық және осы жер әлемдегі ең байырғы қоныстардың бірі деп айтылады.  Осы үңгірлер Қаратеңізде адамдар бірінші болып қоныс тепкен жер ерекшелігіне ие.  Теккекөй үңгірлері түрлі кезеңдерге тиесілі көптеген қабаттан тұрады. Жүргізілген қазбаларда қызыл түсті керамикалар,  қара түстің үстіне ақ бояумен геометриялық пішіндер салынған ыдыстар,  құмыралар табылған.  Теккекөй үңгірлері археологиялық алқабындағы жәдігерлер ашық ауа мұражайы секілді реттелген.  Адам баласы тарихын көрсетеді.

Аймақ бесік болған өркениеттерді жақыннан көруімізді қамдайтын басқа бір аялдама – Асаркале және осындағы Жартас қабірлері.  Бұл жер эллиндік дәуірде қорғаныс мақсатты салынған.  Негізгі жартасқа ойылып салынған үш жартас қабір тұр осында.

Археологиялық саяхатымызды хеттер дәуірінен қалған Нерик қаласымен жалғастырамыз.  Нерик - хетт географиясындағы бірнеше қасиетті қаланың бірі. Қасиетті қала Нерик Самсунның Везиркөпрү ауданындағы Оймаағач күлтөбесінде.  Жүргізілген қазбаларда сына жазулы құжаттар,  қарулар, егіншілік құрал-саймандары, жер асты сатысы мен қасиетті бұлақ табылған.

Тарихы біздің дәуірден 4 мың жыл бұрынғыға созылатын ежелгі қала Нериктен шығып,  шамамен 10 км қашықтықтағы Шахинкая каньонына қарай жолға шығалық.  Каньон Кызылырмак өзені бойына құрылған Алтынкая бөгет көлінде орналасқан.  Шахинкая каньоны – Түркияның үлкендігі жағынан екінші су каньоны.  Каньон әрі ұзындығы, әрі тереңдігімен назар аударады.  Осы теңдесі аз кездесетін каньонда лагерь құрып,  жартасқа өрмелеп,  бөктерлен парашютпен секіріп,  су астына сүңгіп түрлі спортпен айналысуға болады. Ал жоғарыда аталған белсенділігі жоғары спорт түрлерін қаламасаңыз,  бір қайықпен серуенге шығуға болады. Ал қане,  бәріміз бірге осындағы қайықтардың біріне мінелік және керемет панораманы тамашалайық.  Каньон тарылған жерден өтіп бара жатып судың тереңдігі мен екі жақта бой көтерген тік бөктерлер сізді таңғалдырады.

Табиғат және табиғатта серуен үшін Самсунның басқа мүмкіндіктеріне көз жүгіртелік.  Акалан сарқырамасы биіктен құлайтын 18 шағын сарқырамасымен адамды қайран қылады. Лагерь, треккинг және фото сафари үшін теңдесі жоқ атмосфера ұсынатын Кабажевиз сарқырамасы,  керемет көл панорамасымен Тавшан тауы, көптеген сарқырамадан тұратын Гөлалан сарқырамасы, жабайы тіршілік және сулы аймағымен Амазон табиғат саябағы – Самсунда жасыл түс пен тыныштық сыйлайтын жерлер.

Кызылырмак атырауы халықаралық сулы алаңы және Құс жұмағы, Түркияның маңызды өсімдік тіршілік алаңдарының бірі – Йешилырмак атырауын баяндауға уақытымыз қалмады.  Тек Түркия үшін емес, маңыздылығы жағынан әлем үшін де құнды осы екі алаңға келесі бағдарламамызда барамыз.

Өткен апта бағдарламамызға қосыла алмаған жолаушыларымыз үшін бір құлаққағыс жасап кетейік.  Түркия Республикасының жақын тарихында Самсунның орны ерекше.  Себебі Түркия Республикасы мемлекетінің құрушысы Мұстафа Кемал Ататүрік тәуелсіздікке баратын жолдың алғашқы сатысын Самсуннан бастайды.  Сондықтан Самсун мен аудандарында Ататүрік үшін мұражайлар бар.  Хавза Ататүрік үйі мұражайы, Гази мұражайы - Мұстафа Кемал Ататүріктің жеке бұйымдары көрмеге қойылған мұражайлардың кейбірі.



Ұқсас жаңалықтар