«Кахраманмараш ойма сандығы»

Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері – 44-2023

2007560
«Кахраманмараш ойма сандығы»

«Кахраманмараш ойма сандығы»

Тіркелу уақыты:  26.12.2017

Түркияның Жерорта теңізі мен Шығыс Анадолы аймағының түйілісіне орналасқан Кахраманмараш қаласы түрік халқының ғасырлық көшпенді мәдениетін сақтап келген елді мекен. Осы мәдениеттің ең бастылары отбасы мен той дәстүрі болып табылады. Қыз баланың төркінінен әкелетін «жасау» аталған заттары мен оларды тойда көрсету ең маңызды бір әдет. Кахраманмарашта өндірілетін және ұзақ жылдар бойы заттарды сақтау үшін қолданылған ойма жасау сандығы қолда жасалады, материалдарына байланысты аймақтарда сандықтар түрліше болады. Кахраманмараш Қала әкімшілігінің өтініші бойынша 2017 жылы Түркияның географиялық белгісі бар өнімдері арасына енген «Кахраманмараш ойма сандығы» жаңғақ ағашынан жасалады. Жаңғақ ағашы дымқыл болмауы үшін алдымен кептіріледі. Сандық 4, 6 немесе 8 бұрышты, кең және биік өлшеммен жасалады.

Кахраманмарашта 1980 жылдарға дейін сандықтың кенересін бірлестіру үшін «Қарлығаш құйрығы» аталған техника қолданылған. Кейін сандықтар машинамен бірлестірілетін болды.

Сандық жасағанда «Жасымық желім» деп аталатын шайыр мен сүйек талқаны қоспасы желім жағылған. Ойма сандықтың ою өрнектеріне қолөнер шеберлігін қажет ететін тарихи үлгілер және өсімдік түрлері қолданылған. 



Ұқсас жаңалықтар