Орду қаласы

Капитанның борт журналы - 11

1995728
Орду қаласы

Орду қаласы

Аппақ бұлттардың астында, қою көк түсті теңізде жүзіп келеміз.  Бұл жел- біздің желкеніміз үшін керекті жел.  «Жиһангез» қайығымызға қажетті жылдамдықты беретін, мені шаршатпайтын,  сізді де мазаламайтын нәзік самал жел. Жайымен жүзейік және Түркияның солтүстіктегі жағалауында саяхатымызды жалғастыралық. Бүгінгі ротамыз – Орталық Қаратеңіздің туристік қаласы Орду.

Ордуда Қаратеңіздің ең ұзын жағалауы бар.  Көгілдір байрақты жағажайлары,  тап-таза жағасы, бөктер парашюті мен треккинг секілді табиғат спорттарына ыңғайлы алаңдарымен назар аударады.  Енді желкендерді жиналық, желден алған қолдауымызды тоқтатайық. Себебі жылдамдығымызды азайтудың уақыты келді.  Портқа жақындайық және бәріміз бірге Орду қаласын аралап бастайық.

«Жиһангезді» портта тоқтатып қойып, құрлыққа шыққан жерімізде жағалау бойы 6 км үздіксіз серуендеуге болатын жаяу адам жолы мен велосипед жолы бар. Спорт барлығынан маңызды дейтіндер керемет панорама және таза ауада теңіз жағасында серуендеуіне болады.  Немесе велосипедке мінуге де болады.  Әрине біздің бұл үшін уақытымыз жоқ.  Себебі Орду қаласын аралап бастауымыз керек. Сапарымызды орталықтағы Ташбашы ауданынан басталық.  Осында Османлы, Понти және армян сәулетінің үлгілерін кездестіруге болады. Осылардың арасындағы ең бастысы – Ташбашы шіркеуі. Бұл ежелгі понти православ шіркеуі. Қоңырау мұнарасынан басқасы бүгінгі күнге құламай жеткен. Ташбашы шіркеуі бір кездері түрме ретінде қолданылған.  Ал бүгін болса мәдениет орталығы ретінде қызмет беріп отыр.

Бұл жерден Ордуның керемет панорамасы көрінетін бір жерге апарамын сіздерді.  Бозтепеге барамыз. Бозтепеге көлікпен жетуге де болады.  Бірақ біз қанатты жолды қолданамыз. Себебі қанатты жол арқылы биікке жайымен көтеріле отырып, әрі Ордуның көрінісін тамашалап, әрі керемет суреттер түсіруге болады.

Енді Орду қаласының табиғи сұлулықтарын көру үшін жолға шығалық. Першембе ауданындағы Турнасуюу сайы -  адам қолы тимеген табиғат кереметі.  Осы сайда 60 километрлік серуен жолы бар.  Жолдың кейбір бөлімдері тек профессионалдар үшін. Сайдың табанындағы жылғасы мен керемет көрінісі сіздерді күтеді.

Ордудағы басқа бір табиғат сұлулығына барайық. Осы территорияда оған ұқсас жер табылмайды.  Сіздерді Першембе жайлауы Мендереслері деген жерге алып барамын. Ағын сулар жылдамдықтары азайған жерлерде өзендер ирелеңдеп ағады. Міне, «S» секілді осында құбылыстар «мендерес» деп аталады. Першембе жайлауы да осы мендересімен танымал. 1500 метр биіктегі Першембе жайлауында жыл сайын шілде айында фестиваль ұйымдастырылады. Фестивальде майлы күрес, ат жарыс,  халық билері, концерт секілді шаралар өткізіледі.  Першембе жайлауы тек жап-жасыл жылғалар арасынан ирелеңдеп ағатын өзендерімен емес, көлі және сарқырамасымен де көруге татиды.

Шармашамаған болсаңыз егер, осы жерден Ордуның орталығына өте жақын жердегі Курул қамалына барайық.  Бұл жерді Курул жартасы деп те атайды. Тарихы біздің дәуірімізден бұрынғы 200-ші жылға дейін барады. Археологиялық алаң. Қамал тік жартастың үстіне құрылған.  Қамал Қаратеңіз аймағында көп кездеспейтін археологиялық байлыққа ие. Жүргізілген археологиялық қазбаларда қабырға қалдықтары, керамика бұйымдар, алтын монеталар табылған. Курул қамалының маңызы Анадолыда өз орнында табылған алғашқы мәрмәр мүсінінің осында жарыққа шығарылғандықтан туындайды.  1 метрлік мүсіннің 2100 жасында екені болжалған.  Бұл мүсін - Анадолының әйел құдайы Кибеленің мүсіні.

Бүгінгі Орду саяхатымыздың аяғына да келіп қалдық. Бірақ міндетті түрде көру керек екі жер бар.  Осылардың бірі – Гага көлі. Көл табиғаты, ортасындағы шағын аралы және судың түбіндегі шіркеу қалдықтарымен назар ауадарады.

Бүгінгі соңғы аялдамамыз болса Үние қамалы. Геологтар бұл жердің бұрын жанартау болғанын айтады.  Жанартау сөнгеннен кейін орта шақта адамдар осы керемет қамалды салған.



Ұқсас жаңалықтар