Ақ қырыққабаттың пайдасы

«Денсаулық зор байлық» - 38

1988893
Ақ қырыққабаттың пайдасы

Дәрумендер, минералдар және күшті ингредиенттері бар көкөніс.

Иммунитетті күшейтеді

С дәрумені тұрғысынан күшті ақ қырыққабат инфекциядан қорғайды, иммунитетті күшейтеді. 100 грамм ақ қырыққабат тәуліктік С дәрумені қажеттілігінің 40 пайызын қамтамасын етеді. Пісірілген, ескірген және өңделген кезде С дәруменінің құрамы азаяды.

Холестеринді төмендетеді

Қырыққабаттың құрамында ас қорыту жүйеңіздің соруы үшін холестеринмен бәсекелесетін екі зат бар. Бұл сіздің жаман холестерин деңгейін төмендетеді.

Катарактаның алдын алады

Қырыққабаттың көздің денсаулығын жақсарту және катарактаның пайда болуын кешіктіру ерекшелігі бар.

Ісінумен (қабыну) күреседі

Қырыққабат құрамындағы антиоксиданттардың арқасында қабынумен күреседі.

Сүйек денсаулығы және қан ұюының бұзылысы

К дәруменінің жетіспеушілігі болса остеопороз сияқты сүйек аурулардың асқыну қаупі бар және сіздің қаныңыз дұрыс ұйымайды. К витаминінің тамаша көзі болып табылатын ақ қырыққабаттың бір кесесі ұсынылатын тәуліктік құндылықтың 85% қамтамасыз етеді.

Қатерлі ісіктен арылуға көмектесуі мүмкін

Бірқатар зерттеулер қырыққабаттың кейбір ісік түрлерінің алдын алуға көмектесетінін көрсетеді. Бұл қырыққабаттың антиоксиданттық және қабынуға қарсы қасиеттерімен байланысты. Сонымен қатар денеңізді қатерлі ісікке қарсы күресушіге айналдыруының себебі - құрамында ерекше күкірт бар заттар.

Ақ қырыққабаттың жапырақтарында В дәрумендері сақталған

Ақ қырыққабат В тобының дәрумені көп көкөністің бір түрі болып табылады. В тобындағы дәрумендер әсіресе жүйке жүйесіне пайдалы. Оның иммунитетті көтеретін қасиеті де бар. 1 порция ақ қырыққабат ұны немесе салатын тұтынсаңыз, күнделікті В дәрумені қажеттілігінің 10 пайызын қамтамасыз ете аласыз.

Ақ қырыққабат диета үшін маңызды

Бұл калориясы өте төмен диета жасауға қолайлы бір көкөніс. 100 граммында 24 кал. энергия бар. Әсіресе оны шикі түрде тұтынған кезде, диетаға калорияның қайтарылуы аз болады. Талшыққа бай болғандықтан, ұзақ уақыт тоқ ұстайды. Әрі құрамындағы дәрумендер, әсіресе майда еритін К және А дәрумендерін сіңіріп, әрі асқазаннан тез кетпей, ұзақ уақыт асқазанды тоқ ұстауы үшін тамақты әзірлегенде, оған аз мөлшерде май қосуды ұмытпаңыз.

Ерімейтін талшыққа толы қырыққабат ас қорыту жүйеңізді сау ұстауға және ішек қозғалысын қалыпты ұстауға көмектеседі.

Ісінуді жеңілдетуге көмектеседі

Құрамындағы талшықтары және кейбір заттарымен ағзадағы суды кетіруге көмектесетін бұл көкөніс, осылайша жақсы қан айналымын, ісінуді азайтуды, натрийді сумен бірге денеден шығаруды қамтамасыз етеді және қан қысымын төмендетеді. Тамақты немесе салатты қан қысымы жоғары және ісінуі бар адамдар оңай тұтынуы мүмкін.

Кальцийге толы

Бұл кальцийдің күшті көзі. Күнделікті кальций қажеттілігінің 10 пайызын 100 грамм ақ қырыққабатпен қамтамасыз етуге болады. Тістің, сүйек тінінің беріктігін қолдайтын бұл көкөністі шикі немесе пісіріп тұтыну кальций құрамына әсер етпейді.

Целлюлозамен іш қатудың алдын алады

Құрамындағы күкірт қосылыстары ақ қырыққабаттың ас қорыту жүйесінде жақсы жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар жапырағындағы көбірек шоғырланған целлюлозаның арқасында ішек қозғалысын жоғарылататын өте жоғары ерекшелігі бар көкөніс болып табылады.

Күшті антиоксидант

Ақ қырыққабат жоғары антиоксиданттық қабілеті бар көкөніс ретінде еркін радикалдармен күреседі және қатерлі ісіктен қорғайды. Ол сондай-ақ иммуносупрессивті аурулар, бауыр ауруы, қант диабеті және семіздік сияқты аурулардан қорғайды.

Қант диабетінің алдын алуға көмектесуі мүмкін

Соңғы кездері жүргізілген бір зерттеу қырыққабатқа бай бір диетаның  «тип 2» қант диабеті мүмкіндігін төмендететінін көрсетті.

Артық салмақпен күресуге көмектеседі

Қауіпсіз және салмақ жоғалтуға көмектеседі. Қырыққабат құрамындағы талшық қорытылмайтын немесе сіңірілмейтін көмірсулар болып табылады. Сондықтан ол тамақтың көлемін арттырады және асқазаныңызда орын алады. Сіз сіңіретін көмірсуларды қабылдамай-ақ тезірек және ұзақ уақытқа қанықтыру сезімін ояндырады.

Маринадталған ақ қырыққабаттың пайдасы

Ақ қырыққабатты маринадтау арқылы оған пробиотикалық қасиеттерді қосуға болады. Дегенмен маринадталған қырыққабатқа қосылған тұз пробиотиктердің мөлшерін төмендетуге әкелуі мүмкін. Пробиотиктер - ішекте өмір сүретін пайдалы бактериялар. Олар ішектерді сау ұстау арқылы денені көптеген аурулардан қорғайды. Тұздалған қырыққабат сірке суымен әзірленіп, піскен кезде орамжапырағын да жеп, шырынын да ішу керек.

Назар аударыңыз:

1. Ақ қырыққабатты қан сұйылтқыш дәрі қолданатындар сақтықпен тұтынуы керек.

2. Құрамындағы кейбір заттар қалқанша бездердің жұмысын бәсеңдетеді. Осы себепті оны қалқанша безі аз жұмыс істейтін адамдар көп тұтынбау керек.

3. Аптасына екі рет тұтыну ұсынылады.

Дайындаған: Дәрігер, Мехмет Учар



Ұқсас жаңалықтар